Ресей Батыс округтен әскери бөлімдер құрмақ
2021 жылдың соңына дейін Ресей қорғаныс министрлігі Батыс әскери округінде 20-ға жуық жаңа құрама мен әскери бөлімдер құрады. Бұл туралы қорғаныс министрі Сергей Шойгу мәлімдеді.
Шойгудың айтуынша, бұл стратегиялық авиациялық рейстердің қарқындылығын және Ресей шекараларында әскери кемелердің санын арттырған НАТО елдеріне жауап болады.
Сондай-ақ, ол соңғы жеті жылда АҚШ әскери-әуе күштерінің Еуропадағы стратегиялық бомбалаушы ұшақтарының ұшу жиілігі 14 есеге артқан. Соңғы жылдардағы әскери жаттығулар саны бір жарым есеге өскен.
- Батыстық әріптестеріміздің әрекеттері әлемдегі қауіпсіздік жүйесін бұзады және бізді қарсы шаралар қабылдауға мәжбүр етеді. Біз өз әскерлеріміздің жауынгерлік құрамын үнемі жетілдіріп отырамыз. Жыл соңына дейін Батыс әскери округінде 20-ға жуық құрамалар мен әскери бөлімдер құрылады,- деді РФ Қорғаныс министрлігі.
Айта кетейік, наурыздың аяғында Донбасста қақтығыстың шиеленісуі кезінде Ресей Украина шекарасына жақын жерде әскерлерін жіберді. Бұған Киев пен батыс елдері алаңдаушылық білдірген. Алайда, Ресей мұны әскери жаттығу деп түсіндірді.
Abai.kz