Келесі премьер кім болады? (сауалнама)
Қазақстан Республикасының премьер-министрі Асқар Маминнің қызметіне айтылатын сын мен мін көп. Соңғы екі жылдықтағы пандемия ел Үкіметінің дағдарыс уақытында тиімді шешім қабылдау қабілетінің жоқтығын көрсетті.
Премьер-министр ол – «кризис менеджер» болуы тиіс. Асқар Мамин өзін ол тараптан көрсете алмады. Жұмыссыздық саны артты, денсаулық саласы күтпеген қиындықты көтере алмады, экономика тұралап қалды. Демек, логикаға сай премьер-министрді ауыстырып, Үкіметті қайта жасақтау керек. Келесі премьер кім болады деп ойлайсыз?
- Кәрім Мәсімов, ҰҚК басшысы
- Бауыржан Байбек, «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары
- Бердібек Сапарбаев, Жамбыл облысының әкімі
- Бақытжан Сағынтаев, Алматы қаласының әкімі
- Даниал Ахметов, ШҚО әкімі
- Асхат Аймағамбетов, Білім және ғылыми министрі
- Нұрлан Нығматуллин, Қазақстан Парламенті Мәжілісінің төрағасы
- Алтай Көлгінов, Нұр-Сұлтан қаласының әкімі
- Әсет Исекешов, ҚР президентінің көмекшісі
- Ерлан Қарин, саясаттанушы, ҚР президентінің көмекшісі
Өз нұсқаңыз болса, пікір ретінде жазыңыз.
Ескерту: Бұл сауалнама ресми емес. Үкіметтің тапсырысы үшін жасалмайды және оның нәтижелері Үкіметтің ресми статистикасы мен есептеріне енгізілмейді.
Abai.kz