Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2309 0 пікір 10 Мамыр, 2012 сағат 07:33

Мұнайдар Балмолда. Елбасымыз үлгі көрсетпей іс оңбайды

Біздің еліміз көп ұлтты, оның ұзын саны 130-дың үстінде деп қоямыз. Бірақ халық жалғыз, ол - қазақ халқы, қалған ұлыс баласы сол қазақтың ішіне енеді. Содан алып еліміз Қазақстан барып шығады. Ал мемлекттік тіліміз - Ата Заңмен беркітілген - қазақ тілі. Бірақ өкінішке орай, орыс тілі ресми тіл ретінде қабаттасып, мемлекттік тіліміздің өсіп-өркендеуіне, барша қазақстандықтың шын мәніндегі ортақ тілі болуына кедергі жасап келеді. Қайткенде мемлекттік тілдің мәселесін шешеміз деген мәселе жан-жақты көтерілді, сан мәрте, өлшеусіз қаралды, алайда әлі күнге түйін шешусіз, көш ілгерлеусіз, баяғы жартас бір жартас, ұлы даламызды жанайқайымыздың жаңғырығы кезіп жүр. Нәтиже жоқ. Әне жерде, міне бір тұста өзге ұлт балалары қазақша сөйлеп, телеарнадан ән шырқап, еркін сөйлей бастады, домбыра тартты, би биледі. Соған қуандық. Ендігі жалыға да бастадық. Қазақ жақсыға еліктегіш, тіл үйренгіш, орыс тілін білмейтіні тілі шықпағаны мен әлі дүниеге келмегені ғана. Басқасы біледі, түсінеді, біліп, үйреніп жатыр. Ал орыстың, басқасының қазақтан несі кем, тіл үйрене алмайтындай оларды Құдай кем жаратып па? Жоқ, олай болмас, ниет шамалы. Мәжбүрлік жоқ. Содан тіл мәселесінде көшіміз бір қадам ілгері, екі қадам артқа жылжығаны болмаса, өзгеріс шамалы. Содан біздің кәлләға мынадай бір ой келгені. Бізде, біздің «көп ұлтты» Қазақстанда бәрі бір ғана кісіге, яғни Елбасыға байланысты болып тұр.

Біздің еліміз көп ұлтты, оның ұзын саны 130-дың үстінде деп қоямыз. Бірақ халық жалғыз, ол - қазақ халқы, қалған ұлыс баласы сол қазақтың ішіне енеді. Содан алып еліміз Қазақстан барып шығады. Ал мемлекттік тіліміз - Ата Заңмен беркітілген - қазақ тілі. Бірақ өкінішке орай, орыс тілі ресми тіл ретінде қабаттасып, мемлекттік тіліміздің өсіп-өркендеуіне, барша қазақстандықтың шын мәніндегі ортақ тілі болуына кедергі жасап келеді. Қайткенде мемлекттік тілдің мәселесін шешеміз деген мәселе жан-жақты көтерілді, сан мәрте, өлшеусіз қаралды, алайда әлі күнге түйін шешусіз, көш ілгерлеусіз, баяғы жартас бір жартас, ұлы даламызды жанайқайымыздың жаңғырығы кезіп жүр. Нәтиже жоқ. Әне жерде, міне бір тұста өзге ұлт балалары қазақша сөйлеп, телеарнадан ән шырқап, еркін сөйлей бастады, домбыра тартты, би биледі. Соған қуандық. Ендігі жалыға да бастадық. Қазақ жақсыға еліктегіш, тіл үйренгіш, орыс тілін білмейтіні тілі шықпағаны мен әлі дүниеге келмегені ғана. Басқасы біледі, түсінеді, біліп, үйреніп жатыр. Ал орыстың, басқасының қазақтан несі кем, тіл үйрене алмайтындай оларды Құдай кем жаратып па? Жоқ, олай болмас, ниет шамалы. Мәжбүрлік жоқ. Содан тіл мәселесінде көшіміз бір қадам ілгері, екі қадам артқа жылжығаны болмаса, өзгеріс шамалы. Содан біздің кәлләға мынадай бір ой келгені. Бізде, біздің «көп ұлтты» Қазақстанда бәрі бір ғана кісіге, яғни Елбасыға байланысты болып тұр. Көп түйінді нәрсенің шешуі, тізгіні тек сол адамның қолында. Мен жаңа ғана ұйқымнан оянып отырғам жоқ, бұл әу бастан белгілі нәрсе ғой, жай айтар ой еліміздің заңды түрде тағайындалған тұңғыш президенті, ұлт көшбасшысы, әлем таныған құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев өз еліміз Қазақстанда һәм шет мемлекеттерге шыққанда міндетті түрде тек қана мемлекеттік тіл - Қазақ тілінде сөйлеуі керек. Халықпен, үкімет мүшелерімен, барлық министрлер мен депутаттармен қазақша сөйлеп жатса, оларға бұл сабақ болар еді.

Елбасының өзі көп жерде Қазақстан халқын ұйыстырушы тіл қазақ тілі деп  айтқанын көріп, естігеніміз есте, бірақ кейінгі Жолдау мен 8 наурызда әйел азаматтармен кездесу барысында үш тіл туралы айтыңқырап кетті. Соны желеу етіп орыстілділер қайтадан мемлекттік тілді қажетсінбейтін кейіпке түсе бастады. «Әні, тыңдадыңдар ма, президенттің өзі солай деп жатыр емес пе?» деп көзімізге шұқитынды шығарды.

Біздің Елбасымыз қазақша сөйлегенде тілдің майын тамызып өте шебер сөйлейтінін білеміз, арғы-бергі тарихтан мол білімі бар, академиялық тұрғыда сөйлей біледі. Енді осы қасиетін ұлтқа, мұқым қазақстандықтарға көрсетіп, іргеміздегі Ресейге барса да мемлекттік тілде қарым-қатынас орнатса, содан бір үлгі-өнеге өріліп, халқымызға зор пайдасы боларына үмітпен, сеніммен қараймын. Өзгелер Елбасының сөзін тәржімәлап алсын.

Мен Елбасының жеке басына сын, мін айтып жатқам жоқ, ол барлық жерде мемлекттік тілде сөйлесе екен деген азаматтық көзқарасымды ғана білдіріп отырмын. Әлде мен қате айтып отырмын ба?

Менің ойымша, Елбасымыз (приципті түрде дейінші) осы айтылғандай істесе, төбесі тесік талайлар бірден қазақша сайрап кетер еді. «Дос басқа қарайды, дұшпан аяққа қарайды» демейтін бе еді, біз Елбасының тілеулесіміз, халқымыз, ақыры қазақ ретінде қандасы, дос-бауырымыз, ол кісіге бізден басқа жақын жоқ қой, олай болса біз аяққа емес, тек басқа қараймыз, ал ол бас үлгі-өнегені өзі көрсетіп жатса, нұр үстіне нұр болар еді, тіл мәселесі осыған шейін айтылып келген жанды да жансыз бүкіл кедергі біткенді күйретіп, еңсесі көтерілмек. Алла Тағала Елбасыға осы істе күш берсін!

«Абай-ақпарат»

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1468
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3242
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5394