Бейсенбі, 21 Қараша 2024
6076 6 пікір 7 Маусым, 2021 сағат 14:30

"Қазақстанды жоқ" деген Никоновтың орталығы Қазақстанда бар

Қарағанды қаласында "Орыс әлемі" қорының қолдауымен "Орыс орталығы" ашылды. Бұл Қазақстандағы бірінші орталық емес. Үшінші. Бұған дейін Ақтөбе мен Алматы қаласында ашылған. Орталықтың мақсаты орыс тілді ортаны қолдау, Ресей мен Қазақстанның байланыс аясын кеңейту, мәдениет алмасуды арттыру дейді. Алайда 2014 жылы Украинада "орыс әлемін қорғау" атты желеумен соғыс бастаған Ресейдің әрекетіне қарап, шынайы ниетіне күмәнмен қарамасқа амал жоқ.

"Орыс әлемі" қорының басшысы атышулы Никонов. Иә, Қазақстанның тарихи және территориялық заңдылығына күмән келтірген ресейлік депутат, арандатушыны айтамыз. Естеріңізде болса ол 2020 жылы желтоқсан айында "Қазақстан деген болған емес. Солтүстік Қазақстанда тіпті халық жоқ еді. Халық болды, бірақ тек оңтүстікте. Жалпы Қазақстан аумағы Ресей империясы мен КСРО-ның сыйлығы" деген еді. Міне, солай қазақ жерінің тұтастығына қауіп төндіретін сөздер айтқан Никоновтың орталығы Қарағанды қаласында ащылып отыр. Вячеслав Никонов Алексеевич Ресей Думасының депутаты, "Саясат" қорының басшысы, "Ресей бірлігі үшін" қорының төрағасы, "Орыс әлемі" қорының басшысы болып табылады. Әлеуметтік желілер арқылы арнайы роликтер жасап, КСРО кезеңін қалпына келтіруді қалайтынын ашық білдіреді.

Қазақстанда Қарағандыдағы орталыққа дейін екі орталық ашылған. Олардың мекен-жайы мен байланыс нөмірі жайлы russkiymir.ru сайтының орталықтар каталогінде нақыт ақпарат берілген. Ақтөбе қаласындағы басшысы Емельянова Елена Владимировна, ал Алматы қаласындағы басшысы Уматова Жанна Максутовна деп көрсетіліпті. Каталогке Қарағанды қаласындағы орталық жайлы ақпарат әлі салынып үлгермеген сияқты. Каталогтер тізімінен байқағанымыздай Орталық Азияда Түркіменстан мен Өзбекстанда "Орыс әлемі" орталықтары жоқ.

"4-маусым күні Қарағанды қаласында "Орыс орталығы" ашылды. Бұл біздің Қазақстандағы үшінші орталығымыз. Бұған дейін Алма-Ата және Актюбинск қаласында ашылған еді" деген хабарлама russkiymir.ru сайтында шыққан еді. Алайда бүгінде ол хабарлама сайттан өшіріліпті. Сайтта олар "Алма-Ата, Актюбинск" деген отарлық кезеңнің атауын жазғанына қарап, біздің елімізге деген пиғылын білуге болады.

Бөкетов атындағы Қарағанды университеті бұл хабарламаға өздерінің ресми жауаптарын берді. "Академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің ресми парақшасында келесідегідей ақпарат жарияланды: «6 маусымда А.С.Пушкиннің туған күні қарсаңында тойланатын халықаралық орыс тілі күніне орай филология факультетінде орыс тілі мен әдебиетінің оқу кабинеті ашылды. Өкінішке орай, осыған байланысты кейбір ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілерде жарияланған мәліметтердің шынайы болмағандығын айта кету керек.
Университетте соңғы уақытта тілдерді сапалы оқыту үшін ағылшын, неміс, қытай, түрік тілдерінің кабинеті ашылғандығын атап өткіміз келеді. Аталмыш ашылған кабинеттің «Орыс тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша оқып жатқан білім алушыларға және алыс-жақын шетелден келген студенттерге орыс тілі мен әдебиетін меңгертуді мақсат ететіндігін түсіндіреміз.
Бұл кабинетті ашу мәселесі Қазақстандағы Ресейдің Төтенше және Өкілетті Елшілігімен 2017, 2018, 2019 жылдары талқыланып, шешімін тапқан.
Екіжақты өзара келісімнің негізінде 2021 жылы сәуір айында берілген 1038 дана оқу әдебиеті филология факультетінде орыс тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша оқитын студенттердің оқу аудиториясына қойылды" дейді олар.

Осы хабарламаға байланысты сайттан ақпарат алынған сияқты. Жалпы орыс әлемі деген желеумен Ресейдің өзге елде талай былық жасап жатқанын көз көріп, құлақ естуде. "Қазақстанды жоқ, болмаған" деген Никоновтың орталықтары Қазақстанда болуы ұлттық мүдде тұрғысынан да, елдік тұрғысынан да үлкен сын.

Ка мырза

Abai.kz

6 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1422
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3190
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5070