Бейсенбі, 9 Қазан 2025
4376 3 пікір 8 Маусым, 2021 сағат 14:48

ДДҰ: адамзат вируспен өмір сүретін болады

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы коронавирусты толығымен жою мүмкін еместігін айтты. 

ДДҰ өкілі, доктор Дэвид Набарроның айтуынша, вакциналар мен дәрі-дәрмектердің арқасында вирус жоғалады деп үміттенудің қажеті жоқ.

«Адамдар осы вируспен өмір сүруді үйренуі керек. Жаңа штамдар шығып, аурулардың өршуі болып, инфекцияның жаңа ошақтары пайда болады. Біз бұған үйренуіміз керек», - деді доктор Набарро Sky News-ке берген сұхбатында.

Оның пікірінше, бүкіл әлем жаңа штамдардың пайда болуына таңдануды тоқтату керек. Жаңа штамдар ұзақ жылдар бойы өрши бермек.

Американдық Джонс Хопкинс университетінің мәліметі бойынша, пандемия кезінде 173 миллионға жуық адам коронавируспен ауырған, олардың 3,7 миллионнан астамы қайтыс болған және 2 миллиардтан астам вакцинация жасалған.

Abai.kz

3 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Профилактика бытового насилия

Алмаз Ещанов 758
Қауіп еткеннен айтамын

Жау жоқ деме – жар астында...

Қуат Қайранбаев 9731