Дүйсенбі, 21 Сәуір 2025
Жаңалықтар 2060 0 пікір 11 Мамыр, 2012 сағат 10:33

Жылқы ұрлаған Павлодар тұрғыны Новосібірде ұсталды

ПАВЛОДАР. 11 мамыр. ҚазАқпарат - Павлодар облысы ІІД криминалды полиция басқармасының қызметкерлері ресейлік әріптестерімен бірігіп жылқы ұрлаған күдікті - Павлодар облысының К. есімді тұрғынын ұстады,

деп хабарлады ІІД-нің баспасөз қызметі.

Ол 2010 жылдың қараша айында Қашыр ауданының Песчное ауылындағы көршілеріне тиесілі 53 жылқыны ұрлады деп айыпталуда.

Песчаное ауылынан ұрланған жылқыларға ұқсас аттарды көрген куәгер анықталды. Оның айтуынша, ол К. есімді азаматтың қожалығында жұмыс істеген. Соның бұйыруымен 2010 жылдың қараша айында жылқыларды айдап келіп, қораға қамаған. Кейін олар Омбы - Павлодар бағыты бойынша жол тартқан «КамАЗ» көлігіне тиелген.

Қылмыстық істі тексеру барысында К. есімді азаматтың қатысы бар екендігін дәлелдейтін заттай айғақтар жиналды.

2011 жылдың 23 мамырында К. есімді азаматтың сыртынан айып тағылып, іздеу жарияланды.

Ол ағымдағы жылдың 3 мамырында ұсталып, Новосібір ІІБ уақытша ұстау абақтысына қамалды. Қазір экстрадициялау мәселесі қарастырылып жатыр.

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Қайраулы қара семсер

Есболат Айдабосын 2077
Анық-қанығы

Еуропаға Ресей аумағынсыз шығу жолы

Асхат Қасенғали 4949
46 - сөз

Бізге беймәлім Барақ хан

Жамбыл Артықбаев 4159