Сенбі, 23 Қараша 2024
7189 5 пікір 9 Маусым, 2021 сағат 13:34

Қазақша сөйлеуден жарыс басталды

Ағымдағы жылғы 17 мамырдан бастап Қазақстан халқы этнос өкілдері арасында «Мен қазақша сөйлемін» республикалық акциясы басталды.

Акцияның мақсаты – мемлекеттік тіл – қазақ тілін ұлтаралық қатынас құралы ретінде беделін арттыру, азаматтардың қазақ тілін меңгеруге мән беріп, әлеуметтік салаларда мемлекеттік тілдің қолданыс аясын арттыруға ықпал ету, тіл меңгерушілерді ынталандыру, тіл меңгеруді насихаттау.

Акцияға Қазақстан халқының этнос өкілдері ғана қатысады. Акцияға қатысушылар қазақтың беделді ақындарының өлеңдерінен жатқа үзінділер оқиды. Жыл сайын тақырыптар өзгеріп отырады. Биылғы тақырып – Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «Отан», «Туған ел», «Туған жер», «Мемлекеттік тіл» тақырыптары таңдалды.

Акция ережесі: Қатысушы өлең жолдарын мәнерлеп, жатқа оқиды. Сапалы видеоға түсіреді және оны өзінің Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшасына орналастырып, #менқазақшасөйлеймін2021 хештегімен «бөліседі». Жеңімпаздар оқылған өлең жолдарына ең көп жиналған «ЛҮПІЛ» (Лайк) санымен анықталады.

Акция төрт кезеңнен тұрады.

1-кезең: 5-8 сынып оқушылары, 24 мамыр – 10 маусым аралығы;

2-кезең: 9-10 сынып оқушалыр, 3 маусым – 1 шілде аралығы;

3-кезең: жоғары оқу орны студенттері мен ересек азаматтар, 5 шілде – 5 тамыз аралығы;

4-кезең: Құқық қорғау органдары мен Ішкі істер органдары қызметкерлері, 6 тамыз – 6 қыркүйек аралығында.

Өлең жолдарын жаттау 2 минуттан аспауы керек.

Бейне жарияланымда үзінді оқыған тұлғаның аты-жөні, тегі, ұлты, сыныбы, ұсынып отырған қала немесе облыс атауы міндетті түрде көрсетілуі шарт.

Акцияның қорытындысы әр кезеңге байланысты шығарылып, онлайн режимде марапатталады.

Акцияға катысушылардың өнерлерін қазылар алқасы сараптайды, шешімдері хаттама түрінде рәсімделеді.

Әр кезең бойынша жүлделі орындар:

1-Гран при;

1-Бірінші орын;

2-Екінші орын;

3-Үшінші орын;

5-Ынталандыру орындары белгіленген.

Жеңімпаздар мен олардың жетекшілеріне дипломдар және сыйлықтар табысталады.

Акцияның жеңімпаздары туралы ақпарат шара аяқталғаннан кейінгі бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылады.

Акцияға әр кезеңде 100-200-дей тіл үйренушілер қатысады деп болжам жасалып отыр. Акция аясында қазақ тілін меңгерен оқушылар, олардың ата-аналары, өзі оқитын мектебінің ұстаздар қауымы, студенттер, олардың туысқандары, достары мен таныстары, ересек азаматтардың әріптестері, достары, отбасы мүшелері «ЛҮПІЛ» жинауда атсалысу арқылы әлеуметтік желіде қазақ тілінде сөйлеуді кеңінен насихаттау орын алатын болады.

Abai.kz

5 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1466
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3240
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5383