Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2294 0 пікір 12 Мамыр, 2012 сағат 08:24

«ЖАҢАӨЗЕН ІСІ»: ПРОКУРОРЛАР 37 СОТТАЛУШЫНЫ ТҮГЕЛ «ҚЫЛМЫСКЕР» ДЕП ЕСЕПТЕЙДІ!

Халықаралық «Жаңаөзен-2011» комитеті мүшелерінің хабарлауынша, Ақтау қаласында жүріп жатқан сот процесінің 11-мамыр күні өткен 30-шы отырысында негізгі оқиға - мемлекеттік айыптау тарапының сотталушыларға қатысты өз позициясын жария етуі болған.

Прокурорлар Әбіләкім, Әлиев, Сыдықов, Дүзелбаев сөйлеген соң қорытынды бөлікті прокурор Ақбаев оқып берген. Ол: «...Мемлекеттік айыптау сотталушылардың шын көңілден өкінгенін көрмеді және естімеді. Тіпті өз кінәсін мойындағандар да мұны жартылай істеді. Олар жәбірленушілерден кешірім сұрамады. Осының бәрі олардың түзелу жолына шығу мүмкіндігіне қатысты біздің күмәнімізді тудырды», - дей келе, былай аяқтаған: «...Сондықтан мемлекеттік айыптау тарабы соттың №11471803100615-ші қылмыстық іс бойынша айыпталған сотталушыларға мынадай үкімдер шығаруын өтінеді:

1) ҚР ҚК 241-бабы, 1-бөлімі бойынша Сақтағанов Талғат Қуатбайұлын жалпы режимде 9 жылға қамауға.

2) ҚР ҚК 241-бабы, 1-бөлімі бойынша Төлетаева Роза Айтбайқызын жалпы режимде 8 жылға қамауға.

3) ҚР ҚК 241-бабы, 1-бөлімі бойынша Өткелов Шабдал Меңдіханұлын жалпы режимде 9 жылға қамауға.

4) ҚР ҚК 241-бабы, 1,2-бөлімдері, 321-бабы, 2-бөлімі бойынша Досмағамбетов Мақсат Романұлын жалпы режимде 9 жылға қамауға.

5) ҚР ҚК 241-бабы, 1,2-бөлімдері, 321-бабы, 2-бөлімі бойынша Жарылғасынов Нарын Сағындықұлын жалпы режимде 7 жылға қамауға.

6) ҚР ҚК 241-бабы, 1-бөлімі бойынша Жүсіпбаев Қанат Апуажанұлын жалпы режимде 8 жылға қамауға.

7) ҚР ҚК 241-бабы, 1-бөлімі бойынша Қалиев Таңатар Жайылғанұлын жалпы режимде 8 жылға қамауға.

8) ҚР ҚК 241-бабы, 2,3-бөлімдері бойынша Ермұқанов Ертай Асылбекұлын жалпы режимде 7 жылға қамауға.

9) ҚР ҚК 241-бабы, 2-бөлімі, 321-бабы, 2-бөлімі, 175-бабы, 2-бөлімі, «в» пункті бойынша Асқарұлы Нұрланды жалпы режимде 6 жылға қамауға.

10) ҚР ҚК 241-бабы, 2,3-бөлімдері, 321-бабы, 2-бөлімі бойынша Жұмағалиев Мұратбай Тұрдыбайұлын жалпы режимде 6 жылға қамауға.

11) ҚР ҚК 241-бабы, 2,3-бөлімдері, 321-бабы, 2-бөлімі бойынша Қосбармақов Мұратты жалпы режимде 7 жылға қамауға.

12) ҚР ҚК 241-бабы, 2-бөлімі, 321-бабы, 2-бөлімі бойынша Непес Бауыржан Аманұлын жалпы режимде 6 жылға қамауға.

13) ҚР ҚК 241-бабы, 2-бөлімі бойынша Мұрынбаев Жанат Аманиязұлын жалпы режимде 3 жылға қамауға.

14) ҚР ҚК 241-бабы, 2-бөлімі, 321-бабы, 2-бөлімі бойынша Дүйсенбаев Парахат Бекесжанұлын жалпы режимде 6 жылға қамауға. (Парахат Дүйсенбаев орнынан: «Бірден 25 жыл неге бермейсің?»).

15) ҚР ҚК 241-бабы, 2-бөлімі, 321-бабы, 2-бөлімі бойынша Акжігітов Серік Келдіханұлын жалпы режимде 6 жылға қамауға.

16) ҚР ҚК 241-бабы, 2,3-бөлімдері, 321-бабы, 2-бөлімі бойынша Ерғазев Жаңбыр Сәбиұлын жалпы режимде 6 жылға қамауға.

17) ҚР ҚК 241-бабы, 2-бөлімі, 321-бабы, 2-бөлімі бойынша Исақов Саламат Жұмабайұлын жалпы режимде 6 жылға қамауға. Ол үшін бұлтартпау шарасын тұтқындауға ауыстыруды өтінеміз.

18) ҚР ҚК 241-бабы, 2-бөлімі, 321-бабы, 2-бөлімі бойынша Бесмағамбетов Жарас Әншібайұлын жалпы режимде 6 жылға қамауға.

19) ҚР ҚК 241-бабы, 2-бөлімі, 321-бабы, 2-бөлімі бойынша Әспентаев Сисен Белқасымұлын жалпы режимде 6 жылға қамауға.

20) ҚР ҚК 241-бабы, 2,3-бөлімдері бойынша РК Бөпілов Жеңіс Сисенбайұлын жалпы режимде 6 жылға қамауға.

21) ҚР ҚК 241-бабы, 2,3-бөлімдері бойынша Қойшыбаев Самат Амангелдіұлын жалпы режимде 6 жылға қамауға.

22) ҚР ҚК 241-бабы, 2-бөлімі, 321-бабы, 2-бөлімі бойынша Мұхамедов Расул Искендербекұлын жалпы режимде 6 жылға қамауға.

23) ҚР ҚК 241-бабы, 2-бөлімі, 321-бабы, 2-бөлімі бойынша Шәмілов Ислам Талапұлын жалпы режимде 7 жылға қамауға.

24) ҚР ҚК 241-бабы, 2-бөлімі, 321-бабы, 2-бөлімі бойынша Телегенов Бауыржан Базарбайұлын жалпы режимде 7 жылға қамауға.

25) ҚР ҚК 241-бабы, 2-бөлімі, 321-бабы, 2-бөлімі бойынша Тәженов Әнуарбек Байдуллаұлын жалпы режимде 7 жылға қамауға. Ол үшін бұлтартпау шарасын тұтқындауға ауыстыруды өтінеміз.

26) ҚР ҚК 241-бабы, 2-бөлімі, 321-бабы, 2-бөлімі бойынша Өтебеков Жанайдар Құрбанғалиұлын жалпы режимде 7 жылға қамауға.

27) ҚР ҚК 241-бабы, 2-бөлімі бойынша Әділов Қайрат Аманқосұлын жалпы режимде 5 жылға қамауға.

28) ҚР ҚК 241-бабы, 2-бөлімі бойынша Сарыбаев Мэлс Ниетіллаұлын жалпы режимде 9 жылға қамауға. Ол үшін бұлтартпау шарасын тұтқындауға ауыстыруды өтінеміз.

29) ҚР ҚК 241-бабы, 2-бөлімі, 321-бабы, 2-бөлімі бойынша Қойшыбаев Қайрат Аманкелдіұлын ҚР ҚК 63-бабына сәйкес 1 жылдық сынақ мерзімімен шартты жазаға.

30 ҚР ҚК 241-бабы, 2-бөлімі бойынша УК РК  Мұқашев Нұрсұлтан Жаксылықұлын ҚР ҚК 63-бабына сәйкес 1 жылдық сынақ мерзімімен 3 жыл шартты жазаға.

31) ҚР ҚК 241-бабы, 2,3-бөлімдері, 321-бабы, 2-бөлімі бойынша Дүйсенбаева Айжан Бекесжанқызын  ҚР ҚК 63-бабына сәйкес 2 жылдық сынақ мерзімімен шартты жазаға.

32) ҚР ҚК 241-бабы, 2-бөлімі, 175-бабы, 2-бөлімі, «в» пункті бойынша Әминов Марат Өмірзақұлын жалпы режимде 6 жылға қамауға.

33) ҚР ҚК 175-бабы, 2-бөлімі, «а,в» пункттері бойынша Шамов Әділбек Абыбұллаұлын жалпы режимде 3 жылға қамауға.

34) 175-бабы, 2-бөлімі, «а,в» пункттері бойынша Әбдірахманов Есенгелді Тұрдымұратұлын жалпы режимде 3 жылға қамауға.

35) ҚР ҚК 241-бабы, 2-бөлімі бойынша Аманжолов Жігер Мақсетұлын жалпы режимде 6 жылға қамауға.

36) ҚР ҚК 241-бабы, 3-бөлімі, 175-бабы, 2-бөлімі, «в» пункті бойынша Мұңайтпашев Айбек Елешұлын жалпы режимде 3 жылға қамауға. Ол үшін бұлтартпау шарасын тұтқындауға ауыстыруды өтінеміз.

37) ҚР ҚК 175-бабы, 1-бөлімі бойынша Бекжанов Карл Бердіханұлын жалпы режимде 3 жылға қамауға (рецидив). Ол үшін бұлтартпау шарасын тұтқындауға ауыстыруды өтінеміз.

Осы іс шеңберінде азаматтық талап-арыздар бар, мемлекет шығын шекті, сондақтан сотталушылардан (олардың 25-інен) мемлекет пен жеке тұлғалар пайдасына (8 мыңнан 500 миллион теңгеге дейін сомалар аталған) өндіріп беруді өтінеміз».

Сонымен, прокурорлардың позициясы бойынша 37 сотталушы түгел «қылмыскер» екен! Яғни, прокуратура осы 37 азаматты әу баста қылмыстық жауапкершілікке тартқан кезде-ақ тым құрығанда бір адамға да қателеспей, оларды 100% «дұрыс» тұтқындапты! Қандай ғажап «көрегендік»! Олардың «ең ауыр қылмыстылары» 6-9 жылдан түрмеде отыруға тиіс болса, «жеңілдеу қылмыстылары» түрмеге «бар болғаны» 3 жылға қамаудан шартты жазаға дейін үкім шығаруға «лайықты» екен. Басқаша айтқанда, тағы да қайталауға тура келеді, - 37 сотталушы ТҮГЕЛ «айыпты» болып шықты! Әлбетте, дүние жүзіндегі «ең қырағы», «ең әділ», «ең заң сүйгіш» Қазақстан прокурорларының пікірінше...

Жасарал Қуанышәлин,

Халықаралық «Жаңаөзен-2011» комитетінің

ақпараттық топ жетекшісі.

Алматы қаласы,

2012 жылдың 11-мамыры

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1482
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3253
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5475