Сенбі, 23 Қараша 2024
3610 1 пікір 16 Маусым, 2021 сағат 14:09

Маңғыстаудағы қуаңшылықпен күреске 204 млн теңге бөлінді

Ауыл шаруашылығы министрлігі Маңғыстау мен Қызырорда облысындағы қуаңшылыққа қарсы жасалып жатқан жұмыстарды жариялады.

«Айналым тетігі бойынша азық-түлікті орталықтандырып сатып алу үшін «Каспий» ӘКК арқылы 204 миллион теңге бөлінді. Сонымен қатар, 12 маусымда министрлік «Азық-түлік келісім шарт корпорациясы» АҚ ресурстары арқылы 637 тонна арзандатылған арпа тиеді. Арпа нарықтық құнының 17 пайызына арзан сатылады.

Маңғыстау облысы фермерлерінің жазғы мал жаюы үшін Ақтөбе облысының Алға, Байғанин, Темір және Қобда аудандары бойынша 100 мың гектарға жуық жайылымдық жерлер анықталды. Қазіргі уақытта аталған аумаққа 1500 бас жылқы, 3000 бас қой, 200 бас түйе және 500 бас ірі қара мал тасымалданды», – деп хабарлады министрлікте.

Сондай-ақ, тікелей келісімшарттар жасасу арқылы өңірдегі азық құнын тұрақтандыруға мүмкіндік туды. Қазір шөп 1200-1300 теңге, орама 12-16 мың теңге бағада сатылуда.

Министрлік мәліметінше, үкімет резервінен жем-шөп құнын арзандатуға ақша бөлінуі мүмкін.

«Ұқсас шаралар Қызылорда облысының әкімдігі де қарастырып жатыр. Азық-түлік корпорациясы арқылы арзандатылған арпаны жеткізуге келісімшарт жасалады. Арал ауданының мал шаруашылығы үшін басқа аудандардан мал азығын жеткізу ұйымдастырылуда. Сондай-ақ, фермерлер үшін жем-шөп құнын жергілікті бюджет есебінен субсидиялау тетігі жұмыс істейді. Бұл мақсатқа Қызылорда облысы бойынша 17 миллион теңге қарастырылған», – деп атап өтті министрлікте.

Еске сала кетейік, Маңғыстау облысында аштықтан құр сүйегі қалған жылқылардың суреттерін Facebook қолданушысы Бердімұрат Төрекенов түсірген болатын. Маңғыстау облысының бірнеше ауылында жылқылар жойылу алдында тұр. Биыл жауын-шашын болмағандықтан, жайылымдар кеуіп қалған, жылқы азығының жетіспеуінен оны тамақтандыратын жем қалмаған.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1482
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3254
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5480