Сенбі, 23 Қараша 2024
46 - сөз 10786 14 пікір 18 Маусым, 2021 сағат 12:35

Путиннің мылжыңын тыңдамады

Russian President Vladimir Putin, left, and U.S President Joe Biden shake hands during their meeting at the 'Villa la Grange' in Geneva, Switzerland in Geneva, Switzerland, Wednesday, June 16, 2021. (AP Photo/Alexander Zemlianichenko, Pool)

1. Путин әдеттегідей әдейі кешігіп жүрмес үшін протокол ондайды болдырмайтындай етіп жасақталған. Кездесу түскі ас мезгілінде өтеді. Алдымен Сарайға Путин келеді, оны Швейцария президенті қарсы алады. Путин келгеннен кейін сигнал беріліп, Байден келеді, оны да Швейцария президенті қарсы алады. Кішкене фотосессия болады.

2. Кездесу Байден-Блинкен, Путин-Лавров форматында өтеді, артынан кеңейтілген отырыс болады. Алдын-ала айтқанда барлық кездесу уақыты 3,5 сағатқа созылды. Төртеуінің кездесуі 1,5 сағат болды. Мәскеуден шулап алдын-ала жазғанындай 5-6 сағатқа созылған жоқ. Путиннің мылжыңын тыңдап басын қатырып қайтсін-ай, отыра ма соның өтірік ертегісін тыңдап.

3. Жеке кездесу қарастырылмаған. Хельсинкидегідей тек орысша аудармашымен Путин-Трамп жеке кездесуі болмайды. Яғни, Байденде бәрі ашық, әмірика қоғамынан ештеңе де жасырылмайды, Трамп кезіндегідей сатқындық болмайды.

4. Бірлескен конференция болмайды. Байден солай деп шешкен. Дұрыс қой, Путиннің мылжыңын тыңдап қайтеді? Онымен бірге тұрудың өзі ұят қой. Есесіне кейін, Путин сөйлеп болған соң оның өтіріктерін шығарып, өзі комментарий беруге жақсы.

5. Сонымен, Путиннің ұшағы кездесуге жарты сағат қалғанда келіп қонды. Қорыққандығы сондай, оны күтіп алудан Путин өзі бас тартқан. Траптан түсерде оқ өткізбейтін әйнекпен қапталған траппен түсіп, бірден өзімен бірге алып келген лимузиніне кіріп кеткен.

6. Байден келгеннен кейін үшеуі фотоға түсті. Ортада Швейцария президенті. Енді протокол бойынша қол алысулары керек. Байден орнынан қозғалған жоқ. Путин амалсыз оған қарай бірнеше қадам жасап Байденнің қолын алуға тырысты.

7. Келіссөз басталды. Байден аяғын аяғының үстіне қойып барин сияқты отыр. Путин аяғын қозғалақтатып, қолы тыным таппай, екі көзі жан-жаққа алақтап, өзін өте ыңғайсыз сезініп отырғаны байқалады.

8. Келіссөз барысында Байден Путинге айтарын айтып салды. Әлемді ықпал ету аймағына бөлу дегенді мүлдем ұмыт деді. Кезінде Трамп берген бұрынғы экс-СССР аумағы РФ мүддесі үшін керек дегенді енді Путин ұмытуы керек. Сондай-ақ РФ АҚШ саясаты мен инфраструктурасына араласпайтын болсын! Бұл "қызыл сызық". Бұдан өтіп кетсең - бағасы да соған сәйкес болады.

Сонымен, Путиннің пресс-конференциясын тыңдадық. Бұрынғы ән. Еш жаңалық жоқ.
• Дипломаттарды кейін қайтаратын болдық. Қашан? Ол әзірге белгісіз.
• Украина НАТО-ға кіргісі келеді, соны талқыладық.
• Донбасстағы жағдайды Минск келісіміне сәйкес реттейміз.
• Украинада мемлекеттік төңкеріс болды.
• Навальныйдың өзі кінәлі.
• Әмірикада көшелерді қиратып, үйлерді талқандап жатыр...
деген оттаубай әңгімелер.

Қуаныш Еділхантегі

Abai.kz

14 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1475
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3249
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5450