Сәрсенбі, 27 Қараша 2024
Билік 3908 10 пікір 18 Маусым, 2021 сағат 13:34

Абаев: Тоқаев - кризис-менеджер!

Даурен Абаев Александр Трухачевтың "Открытый диалог" бағдарламасында президент Тоқаевтың екі жылдық жұмысына баға берді. Ол Тоқаевты "кризис менеджер бола білді" деген ойда. 

"Президент Тоқаевтың екі жылдығы оңай болған жоқ, түрлі мынақтар болды. Олардың ішінде ең бастысы коронавирус пандемиясы. Елімізде болған төтенше жағдайларды да ұмытпауымыз керек. Арыстағы жарылыстар мен Қордай оқиғасы, Мақтааралды су басуы. Сондықтан алғашқы екі жылдықта Тоқаев кризис-менеджер рөлін сомдады. Ең қиын сәттерде ол қоғамымызды біріктіре білген батыл шешімдерді жиі қабылдауына тура келді", - деді Абаев.

Абаев Тоқаевтың "халық үніне құлақ асатын мемлекет" концепциясы жайлы айтты. Оның ойынша бұл тек идея емес, шынайы саясат.

"Бұл тек қана принцип немесе идея емес, бұл шынайы саясат. Ақырындап, бірақ дұрыс бағытта бұл саясатты түсіну түрлі мемлекеттік басқару деңгейлеріне еніп келеді. Халық үніне құлақ асатын мемлекетті қоғамдық пікірмен шатастырып алмау маңызды", - дейді ол.

Тоқаев реформаларын сынға алатындарға қатысты Абаев жауап берді.

"Бізде кей сарапшылар ұзақ жылдар бойы бір мағынадағы мәселені түрлі сөздермен қайталап келеді. Аудитория алдында тез танымалдыққа ие болудың тікелей жолы мемлекетті сынға алу мен пессимизм ғой. Ал жаңа өзгерістерге жүйелі баға беру қиындау. Саясатта имитация болмайтынын түсіну керекпіз. Ол ескі әдіс", - дейді Абаев.

2021 жылы 9-маусымда президент Қ.Тоқаевтың сайлауда жеңіске жеткеніне тура екі жыл болды.

Abai.kz

10 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1552
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3347
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 6207