Сейсенбі, 23 Сәуір 2024
Билік 3484 0 пікір 18 Маусым, 2021 сағат 13:39

Нығматулин Парламент Палаталардың бірлескен отырысында Үкіметтің есебін қарайды

Бүгін Мәжіліс Спикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен Палата Бюросы өтіп, онда алдағы жалпы отырыстың күн тәртібі нақтыланды.
Бюро отырысында Нұрлан Нығматулин алдағы уақытта өтетін Парламент палаталардың бірлескен отырысына назар аударып, онда Үкімет пен Есеп комитетінің 2020 жылғы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есептері тыңдалатынын атап өтті.

Сонымен қатар, отырыста депутаттар қарауына сот-сараптама қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасын I оқылымда қарау ұсынылды.
Депутаттар әзірлеген заң жобасы кәсіби көрсетілетін сот-сараптамалық қызметтердің бәсекелес нарығын дамыту үшін жағдай жасай жасауға бағытталған.

Сондай-ақ, депуттаттарға зияткерлік меншік cаласындағы заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша заң жобасын I оқылымда қарау ұсынылды.
Аталған заң жобасы зияткерлік меншік құқығын қорғауды күшейтуге және зияткерлік меншік саласындағы дауларды объективті шешу үшін жағдай жасауды көздейді.

Abai.kz

0 пікір