Сенбі, 23 Қараша 2024
Билік 3147 4 пікір 21 Маусым, 2021 сағат 17:42

Біртанов: "СҚ-Фармация" басшысы кінәлі емес

Біртанов бүгін сотқа тағы қатысты. Бұл жолы айыпталушы емес, куәгер ретінде. Сот ісі "СҚ-Фармация" ЖШС-ның экс-басшысы Берік Шәріпке қатысты өтіп жатыр. Сот оны өткен жылғы дәрі-дәрмектің жетіспеушілігі фактілері бойынша қарастыруда. Бұл туралы malim.kz-ке сілтеме жасап, Abai.kz хабарлайды. 

"СҚ-Фармация" мен Берік Шәріп жеке қорғаныш құралдарын жеткізу жоспарын бұзған жоқ. Бұл аяқ астынан болған форс-мажор, Қытай тарапынан болған нәрсе. Қытай тарапы келісімшарт талаптарын бұзды. Сөйтіп, Қазақстан тарапы "СҚ-Фармацияға" қорғаныш құралдарын мерзімінде жеткізе алмады. Басқа келісімшарттарды қарасақ, Берік Шәріпұлы тәуекелге бармай, регламентке сәйкес шетелдік тауар өндірушілерге 90, ал отандық тауар өндірушілерге 60 күн мерзімін жеткізуге белгілеуіне болар еді. Алайда ол уақытта бұл қолайсыз болатын. Сөйтіп, елшілер маска мен қорғаныш құралдарын бүкіл әлемнен іздеді", - деді Біртанов.

Экс-министрдің ойынша былтырғы дәрі тапшылығына "СҚ-Фармацияның" қатысы жоқ. Ол туралы ойын Біртанов былай жеткізеді.

"СҚ-Фармацияның" мақсаты мен міндеті – ауруханаларға дәрі-дәрмек сатып алу. Ауруханаларда онкология, туберкулез, психикатық ауытқуы бар науқастарға тегін берілетін дәрі-дәрмекті сатып алады. Ал дәріханаларға келсек, бұл жекеменшік нарық. Денсаулық сақтау министрлігі оны еш уақытта қадағалаған емес. "СҚ-Фармация" еш уақытта дәріні дәріханаларға жеткізген емес. "СҚ-Фармация" жалға алатын қоймалардың бір жағында ауруханаларға арналған дәрілер тұрса, екінші жағында дәріханаларға арналған дәрі-дәрмек тұруы мүмкін. Үлкен сұраныс туындап, халық дәріханалардағы дәрілерді алып кеткенде, дәрілерді көтерме өткізетін және жекменшік компаниялар сол сұранысты өтей алмай қалды. "СҚ-Фармацияның" бұған қатысы жоқ", - дейді экс-министр.

Осылайша министр Берік Шәріпті өз жұмысын тиянақты атқарған азамат ретінде қарастырып отыр. Біртановтың өзі үй қамағында отыр. Оған бюджет қаржысын негізсіз пайдаланды деген айып тағылуда.

Abai.kz

 

4 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1470
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3246
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5415