Мемлекеттік тапсырыспен шығатын кітаптар ғаламторда жарияланады
Кітап шығару, тарату ісін ұйымдастыру жолдары енді заманауи жолмен шешілмек. Мәдениет және ақпарат вице-министрі Арман Қырықбаев өткізген жиыннан білгеніміз, биылғы жылдан бастап министрлік мемлекеттік тапсырыс арқылы жарық көретін барлық кітаптарды ғаламторда жариялау туралы шешім қабылдады.
Мұндай шешім қабылдаудың өз себептері бар. Осы шешім арқылы бірнеше нәтижелерге қол жеткізілмек.
Біріншіден, мемлекеттік тапсырыс арқылы басылып шыққан кітаптарды тек қана кітапханаларда емес, ендігі барлық әлем қолданатын ғаламтор желісінде оқуға болады. Бұл қадамымызбен еліміздің авторларын барлық әлемге танытамыз, сонымен қатар шетелдердегі қандастарымыз да қазақ тіліндегі кітаптарға қол жеткізе отырып, елімізде болып жатқан сан алуан өзгерістер туралы хабардар бола алады.
Екіншіден, мемлекеттің қаражатына шығарылған кітаптардың сапасын, сонымен қоса, баспалардың жауапкершілігін арттырамыз. Бұл неден туындап отыр? Министрлікке кейінгі кезде мемлекеттік тапсырыспен шығатын кітаптарда қателер көп кездесетіні туралы наразылықтар келіп түскен.

Ал енді ғаламтор желісінде жарияланған кітаптарды көпшілік оқып, өз бағаларын береді. Электрондық нұсқада қай баспа шығарғаны, кімнің редактор, кімнің корректор болғаны тайға таңба басқандай көрсетілетін болады. Сол арқылы біз қай баспаның қандай деңгейде кітаптарын басып шығаратынын байқайтын боламыз және баспалардың кітап шығарудағы жауапкершілігін арттырамыз.
Бұл бүкіләлемдік тәжірибе және де еліміздегі кітап шығару саласын дамытуға өз септігін тигізетін болады.
Министрлік алдағы уақытта кітап шығару мәселесімен қатар, кітап тарату мәселесін де қолға алуды ойластырыпты. Бұл орайда, әлемдік тәжірибеге сүйене отырып, салаға нарықтың жаңа жүйесін кіргізбекші. Ол үшін баспалар 2000 дана таралымды шығарып алып, келесі жылғы байқауды күтіп отырмауы тиіс. Еліміздің кітап дүкендеріндегі 80 пайыз шетелдік әдебиеттерді өзіміздің дүниелермен алмастырудың жолдарын қарастыруы керек. Ол үшін үш жақты, яғни автор - баспа - кітап таратушы жүйесі нақтылануы тиіс. Мәселен, автордың қаламақысы ретінде дүкенде өткізілген кітаптың белгіленген пайызы автоматты түрде жазушының есепшотына түсіп тұру тәжірибесін енгізуді ойластырған жөн. Сонда жазушының шамасы қандай, қай баспа қандай сапалы кітап шығара алатынын әлеуметтік зерттеусіз-ақ біліп отыратын боламыз. Сондай-ақ кітап шығару ісінде отандық бәсекелестікті қалыптастыра аламыз.
«Әдебиеттің әлеуметтік маңызды түрлерін басып шығару» республикалық бюджеттік бағдарлама шеңберінде жыл сайын 400-ге жуық кітап шығарылып, республикалық кітапханаларға тегін таратылады екен. Оған 1,0 миллиардтан астам теңге қаржы бөлінеді.
Ендігі бір мысалды талдап көрейік. Министрлік 27 шартты баспа табақтан тұратын, таралымы 2000 дана кітапқа 2 млн 700 мың теңге бөледі. Осы сомадан типографиялық шығындар мен полиграфиялық материалдарға (қағаз, бояу, желім және т.б.) 1 млн 500 мың теңге жұмсалады. Сонымен, 595 мың теңге қалады. Яғни бөлінген қаражаттың 20 пайыздайы баспада қалады. Сондықтан да барлық салықтарды қоса есептегеннің өзінде, баспаның авторлық қаламақыны көрсетілген сомадан 10 пайыздайын төлеуге толық мүмкіндік бар.
Нақтырақ айтатын болсақ, кітап шығарудағы өзекті мәселелердің бірі - авторлық құқықты қорғау мәселесі. Бүгінгі күні мемлекеттік тапсырыс бойынша кітаптарды шығаруда авторларға қаламақы төлеу мәселесі туындап отыр. Министрлік кітап шығаруда Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік сатып алу туралы» және «Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы» заңдарды басшылыққа алады.
Заңның қай тәсілімен болмасын кітапты шығаруға ие болған баспа кітап авторымен шарт жасасуға міндетті. Ал авторлық шарттың талаптары «Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы» Қазақстан Республикасының заңымен реттелген. Аталған заңның ережелеріне сәйкес, «авторлық шартта міндетті түрде сыйақы мөлшері және (немесе) туындыны пайдаланудың әрбір әдісі үшін сыйақы мөлшерін белгілеу тәртібі, оны төлеудің тәртібі мен мерзімі, сондай-ақ тараптар осы шарт үшін маңызды деп есептейтін басқа да жағдайлар көзделуге тиіс» деп көрсетілген.
Осы орайда, министрлік тарапынан «Әдебиеттің әлеуметтік маңызды түрлерін басып шығару» республикалық бюджеттік бағдарламасы аясында кітаптарды басып шығару мен таратуды қаржыландыру көзделген. Ал кітаптың авторына қаламақы төлеу баспа мен автордың арасында жасалған шарттың негізінде шешілуі тиіс.
Төре ҒАЛИ
«Айқын» газеті