Жұма, 29 Қараша 2024
Билік 2949 0 пікір 25 Маусым, 2021 сағат 12:24

Президент БАҚ өкілдерін құттықтады

Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев БАҚ өкілдерін мерекемен құттықтап, қалыптасқан дәстүр бойынша бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы сыйлықтарын беру, гранттарын тапсыру және алғысын жариялау туралы өкімге қол қойды.

"Құрметті журналистер, бұқаралық ақпарат құралдарының қызметкерлері!
Баршаңызды кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймын!
Ақпарат саласы – қоғамдық пікір қалыптастыратын маңызды сала.
«Халықтың көзі, құлағы һәм тілі» ретінде елге адал қызмет ету – әр журналистің абыройлы міндеті.
Сіздер қашанда ұлт мүддесін бәрінен биік қойып, ел қамы үшін қалам тартып жүрсіздер.
Мемлекетшілдік құндылықты дәріптеп, жасампаздық пен жақсылықтың жаршысы болып келесіздер.
Ақпарат саласын дамытуға мемлекет тарапынан қашанда ерекше көңіл бөлінеді.
Өз кәсібінің майталманы болған қарымды журналистерге қолдау көрсетіледі.
БАҚ саласындағы дәстүрлі Президент сыйлығы – соның бір көрінісі.
Оның иегері атанған азаматтардың есімі қазақ журналистикасының жылнамасына жазылатыны сөзсіз.
Жыл сайын ең таңдаулы журналистерге берілетін марапат осымен жиырма бесінші рет табысталып отыр.
Бұл сыйлыққа қастерлі Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығы қарсаңында ие болудың да символдық мәні бар.
Сіздер егемендік жылдарында ұрпақтың бойына азаттық рухын сіңіруге зор үлес қостыңыздар.
Мен мемлекет пен қоғамның ортасында алтын көпір болып жүрген журналистердің еңбегін жоғары бағалаймын.
Әрқайсыңыз шынайы ақпарат таратудың жауапкершілігін сезініп, ұлттық мүдденің биігінен көріне береді деп сенемін.
Соңғы кезде радио қызметкерлерінің кәсіби мерекесі жоқ екені жиі айтылып жүр.
Мен Қазақ радиосының 100 жылдығы аясында 1 қазанды Радио қызметкерлері күні деп ресми түрде бекіткен жөн деп санаймын.
Еліміз берекелі бірлік пен ырысты ынтымақтың арқасында өсіп-өркендей түссін!
Журналистер жағымды жаңалығымен жұртшылықты қуанта берсін!
Баршаңызға шығармашылық шабыт, толағай табыс тілеймін!
Мереке құтты болсын!" деген президент өз құттықтауында.

Сонымен қатар БАҚ саласындағы арнайы сыйлақтар мен алғыс хаттарды келесі азаматтар иемденді.

Президенттің БАҚ саласындағы сыйлықтары:
Қазақ» және «Шалқар» радиоларының Алматы студиясының жетекшісі Құтпанбаев Бақыт Жағыпарұлына;
«Хабар 24» телеарнасының жаңалықтар бөлімінің жүргізушісі Захарчук Вера Николаевнаға;
«Qmonitor.kz» желілік басылымының шолушысы Исабаева Сәуле Борисқызына;
«Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының БАҚ-пен жұмыс департаментінің бас менеджері Ойшыбаева Жаннат Бақтығұлқызына берілді.

Президенттің БАҚ саласындағы гранттары:
«AIQYN» республикалық қоғамдық-саяси газетінің бас редакторы Байғараев Нұрмұхамед Исманұлына;
«КТК» телеарнасының ақпараттық бағдарламалар дирекциясы орталық редакциясының редакторы Нұрақын Диас Ермекұлына;
«QAZAQSTAN» ұлттық телеарнасы «Ашық алаң» қоғамдық-саяси ток-шоуының жүргізушісі Толықбаев Мақсат Мәлікұлына;
«Мұнара» газетінің бас редакторы Хасанов Серікбол Тілепбергенұлына тапсырылды.

Президенттің БАҚ саласындағы Алғысы:
«Ақиқат» ұлттық қоғамдық-саяси журналының шығармашылық ұжымына;
«Вечерний Алматы» газетінің шығармашылық ұжымына;
«Қазақ радиолары» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің шығармашылық ұжымына;
«Сарыарқа» телеарнасының шығармашылық ұжымына жарияланды.
Мемлекет басшысының Алғыс хаттары еліміздің барлық өңіріне жіберілді. Аталған марапаттар әр аймақтан үздік деп танылған журналистерге салтанатты түрде табыс етіледі.

Abai.kz

 

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1581
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3392
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 6599