Сенбі, 19 Сәуір 2025
Билік 3140 5 пікір 25 Маусым, 2021 сағат 15:30

Аида Балаева: «Журналистер Аллеясын» ашу жоспарлануда

Қазқстанның Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева БАҚ саласы қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтады. Министр өз құттықтауын Facebook желісіндегі жеке парақшасында жариялаған.

«Құрметті ақпарат саласының қызметкерлері!

Баршаңызды кәсіби мерелеріңізбен шын жүректен құттықтаймын!

Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің бастамасымен Елордамызда «Журналистер Аллеясын» ашу жоспарлануда. Тегін интернетке қосылу мүмкіндігін қарастыратын аллея тілшілер қауымының шығармашылығын шыңдайтын жер ғана емес, бас қаламыздың барша тұрғындары мен қонақтары үшін де ең сүйікті орынға айналады деп сенемін.

Аллеяға өмірден өтіп кеткен журналистикадағы жарқын тұлғалардың есімдері жазылған арнайы ағаштар өсіріп, еске алу тақталарын орнатамыз. Сондықтан аллеяны ашу мерзімін көшет отырғызуға ең қолайлы кезең күз маусымына ауыстырдық.

Бұл бізге тағы бір бірегей жобаның аясында бас қосып, пікір алмасып, бірігіп игі іс атқаруға жол ашатын тамаша мүмкіндік болары сөзсіз», - дейді министр.

28 маусым - Байланыс және ақпарат қызметкерлерінің күні. 2004 жылдан бері маусым айының соңғы жексенбісі журналистер күні ретінде аталып өткенімен, 2011 жылдың 20 қазанында ел Президенті Жарлық шығарып, маусым айының 28 жұлдызы - «Байланыс және ақпарат қызметкерлерінің күні» болып белгіленді.

Abai.kz

5 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Қайраулы қара семсер

Есболат Айдабосын 2033
Анық-қанығы

Еуропаға Ресей аумағынсыз шығу жолы

Асхат Қасенғали 4889
46 - сөз

Бізге беймәлім Барақ хан

Жамбыл Артықбаев 4086