Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2039 0 пікір 17 Мамыр, 2012 сағат 12:47

Әскери саладағы «есеп айырысудың» ерекше түрі

Ресей өзінде қазақстандық әскери мамандарды оқытқаны үшін Қазақстаннан ешқандай қаражат талап етпейтін болады. Ал Қазақстан оның есесіне еліміздегі бірқатар сынақ полигондарын, жауынгерлік алаңдарын теріскейдегі көршіге тегін беріп, олардан да пайдаланғаны үшін еш ақы алмайды. Кеше Мәжіліс екі ел арасындағы осындай «есеп айырысудың» ерекше түрін қамтитын келісімді мақұлдады.

Қазақстан мен Ресей арасындағы әскери-техникалық ынтымақтастық бойынша өзара қаржылық мін­деттемелерді реттеуге бағытталған келісімге 2005 жылғы 25 қарашада қол қойылған екен. Содан жеті жыл бойы жатып қалған келісімді үптеп, іске қосуға мәжілісмендер кеше ғана кірісті. Әлбетте, бұл осы жеті жыл бойы көр­шілес жатқан екі мемлекет «әскери салада еш есеп айырыспай келген» дегенді білдірмейді. Келісімге қол қойылған сәтке дейін-ақ, достық ниеті бұрыннан жа­расқан мемлекеттер парламенттің ратификациясына қарамастан, өзара есеп айырысуды жүзеге асырып келген. Дегенмен бюджет кодексінің талабын ескерген Қаржы министрлігі қазақ-орыс арасындағы осынау келісімге заңдық күш бермекке ниеттеніпті.

Ресей өзінде қазақстандық әскери мамандарды оқытқаны үшін Қазақстаннан ешқандай қаражат талап етпейтін болады. Ал Қазақстан оның есесіне еліміздегі бірқатар сынақ полигондарын, жауынгерлік алаңдарын теріскейдегі көршіге тегін беріп, олардан да пайдаланғаны үшін еш ақы алмайды. Кеше Мәжіліс екі ел арасындағы осындай «есеп айырысудың» ерекше түрін қамтитын келісімді мақұлдады.

Қазақстан мен Ресей арасындағы әскери-техникалық ынтымақтастық бойынша өзара қаржылық мін­деттемелерді реттеуге бағытталған келісімге 2005 жылғы 25 қарашада қол қойылған екен. Содан жеті жыл бойы жатып қалған келісімді үптеп, іске қосуға мәжілісмендер кеше ғана кірісті. Әлбетте, бұл осы жеті жыл бойы көр­шілес жатқан екі мемлекет «әскери салада еш есеп айырыспай келген» дегенді білдірмейді. Келісімге қол қойылған сәтке дейін-ақ, достық ниеті бұрыннан жа­расқан мемлекеттер парламенттің ратификациясына қарамастан, өзара есеп айырысуды жүзеге асырып келген. Дегенмен бюджет кодексінің талабын ескерген Қаржы министрлігі қазақ-орыс арасындағы осынау келісімге заңдық күш бермекке ниеттеніпті.

Сөйтіп, Мәжіліс мақұлдаған заң жобасына келсек, құжатқа сәйкес, екі мемлекет 135,73 млн долларды құ­райтын өзара міндеттемелерді өтеуді құқықтық рет­тейтін болады. Бұған сәйкес, Қазақстан 1999 жылдан бастап 2004 жылды қоса алғанда, біздің еліміздің аумағында орналасқан Сарышаған, Ембі сынақ поли­гондарын, 929 мемлекеттік ұшу-сынақ орталығы мен жауынгерлік алаңдарын пайдаланғаны үшін Ресей тарапынан жалдау ақысын талап етпейтін болады. «Ал өз кезегінде Ресей Қазақстаннан 1996-2004 жылдары Ресейдің Қорғаныс министрлігінің жоғары оқу орын­дарында әскери қызметшілерді оқытқаны үшін ақы талап етпейтін болады», - дейді Қаржы министрі Болат Жәмі­шев.

Тоқтала кететін жайт, 1996-2004 жылдар аралығында Ресейде 1990 қазақстандық әскерилер білім алған екен. Оның ішінде офицер-тыңдаушылар - 204, біліктілігін арттыру бағдарламасы бойынша білім алған офицерлер саны - 323, сондай-ақ 1418 курсант оқыды.

Министрдің сөзіне сенсек, жоғарыдағы келісімге қол қойылғаннан кейін екі арада қосымша тағы төрт келісім жасалып,  соған орай, 2005 жылдан бастап еліміздің рес­пу­­бликалық бюджетіне әскери по­ли­гон­дарды жал­ға беруден түсімдер түсіп келеді. «Осы келісімдерге сәйкес, ресейліктер елі­міз­дегі әскери полигондарды жалға алғаны үшін гектарына 2 доллар 33 цент төлеп ке­ле­ді. Сондықтан да жыл сайын екі теңдей ба­ғыт бойынша еліміздің бюджетіне 24 млн 786 мың доллар кіріс түседі», - дейді қар­жы министрі.

Айтпақшы, «ауру қалса да, әдет қал­май­ды». Бұған дейін дүркін-дүркін көте­рі­ліп келген халықаралық келісімшарттар­да­ғы қазақ тілінің жағдайы мына құжатты да ай­налып өте алмапты. 2005 жылы қол қо­йыл­ған келісімнің қазақша мәтініне екі қа­те жіберіп, оны түзету үшін орыстарға нота жі­беріппіз. Қазақстанның қазақ тіліне қа­тыс­ты бұл олқылығы бір рет емес, екі мәрте қай­таланыпты. Сөйтіп, бұл жолы да орыс­тар­дың алдында әбден ұятқа қалыппыз. Әйт­се де теріскейдегі көршілер де қанға сіңіп, қалмай жабысқан осы әдетке көндік­кен тәрізді. Қатардағы мәселе секілді қа­рай­тын болыпты.

Көлік министрі бақылау бекетіндегі жемқорлықты жойып, бәрін автоматтандыруға уәде береді

Бұдан бөлек, мәжілісмендер Кеден ода­­ғы­ның сыртқы шекарасында көліктік ба­­қы­лауды жүзеге асыру туралы келісімді де ма­құлдады. Аталған келісім Кеден одағына қаты­сатын кез келген мемлекеттің ау­ма­ғына кіретін (шығатын, транзитпен өтетін) кө­лік құралдарын бақылауды жү­зе­ге асы­рудың бірыңғай тәсілдерін айқын­дайтын бо­лады. Бұған сәйкес, сырт­қы ше­ка­радан кіру немесе шығу кезінде көліктік бақылау бо­йынша іс-қимылдардың нақты тіз­бесі анық­талады. Бақылау құжат­тары құ­зырлы органдармен өзара таны­латын бо­лады жә­не олардың ортақ үлгісі бекі­тіледі. «Келісім қа­былданса, Ке­ден одағы аумағындағы ав­токөлік құ­рал­дарының жүрісі жеңілдейді. Мә­селен, бір бекеттегі тек­серу нәтижелері ақ­па­рат­тық жүйе ар­қылы көлік бара жат­қан елдің құ­зырлы ор­ган­дарына жіберіледі. Заң­нама та­лаптарын орындамаған та­сы­мал­дау­шы­лар бойынша тиісті хабарлама жа­салады», - дейді Көлік және ком­му­ни­кация министрі Асқар Жұ­ма­ға­лиев. Ми­нистр­дің айтуынша, әл­гін­дей ақпараттық ал­масу сыртқы шекарада ав­то­көліктердің тұрып қалмауына мүм­кіндік беретін көрінеді.

Талқылау барысында депутат Розақұл Хал­мұрадов көлік бекеттеріндегі «бармақ басты, көз қысты» дертінің қозып отыр­ға­нын, оны өршітпеу үшін шаралар қажеттігін ескерт­кен болатын. «Қытайдан шыққан кө­ліктің рұқсат қағазында жүк салмағы 20 тон­на деп жазылады. Алайда бұл одан да көп болуы мүмкін. Енді соны не істеу керек? Артық жүкке қосымша салынатын ақыны кім көрінген «қалтасына» баса ма? Жасы­ратыны жоқ, бекетте тұрғандар қалтасына тиын түссе, артық жүкке көз жұмып, өткізіп жібереді. Бұл қалай болады?», - дейді Розақұл Сатыбалдыұлы.

- Мәселеңіз өзекті, - деген министр Асқар Жұмағалиев бекет басына «адамды араластырмаудың» тың тәсілдері еніп жатқанынан хабардар етті.

- Біраз бекетке бейнебақылау ор­на­тылғаннан бері түсім арта бастады. Бірақ кө­­ліктік бақылау бекеттерінің бәрі емес, тек 12-сі ғана бейнебақылауда тұр. Енді бә­­рін автоматтандырамыз. 2014 жылға де­йін 80 бекет автоматтандырылады». Ми­­нистрдің айтуынша, бұл шекарадан «ай­налып өтетін» жабайы жолдарды жа­уып, жемқорлыққа итермелейтін «адами факторды» тежейді.  

Ауызсуды арыға ысыра беруге болмайды

«Мемлекеттің байлығы халық болса, халық байлығы - денсаулық. Ал денсау­лық кепілі - сапалы ауызсу. Бұл бағытта бірқа­тар шаралар атқарылып жатыр, «Ақбұлақ» бағдарламасы да қабылданды. Алайда шөліркеген халық таза судың ор­ны­на «дерт табар» су ішіп отырғанда жай­ба­рақаттық танытып, бөлінген қаржының ор­нымен игерілмеуіне әлдеқандай себеп-сыл­тау іздеуге еш хақымыз жоқ», - дейді жа­қында ғана жұртшылықпен жүздесіп қайт­­қан депутат Оразкүл Асанғазы.  Де­пу­таттың айтуынша, ауызсу мәселесі - «бү­­гін бол­маса - ертең, мен болмасам, бас­­қа істер» деп немқұрайдылық таны­та­тын іс емес. Оның үстіне, өткен онжылдық­тар­­да жұртшылық аса зәру болып отырған «та­за суға» қыруар қаражат бөлініп, оның бір­­шамасы иге­ріл­мей қалған. Ендеше са­палы суды аңсап отырған мыңдаған адам­дар­дың денсау­лығы да, тағдыры да әлі алаңдаушылықты талап етеді. «Жүз сылтау мен мың себепке малданбай, жетпегенін жеткізетін, жоқтан бар ететін, мекемені дұ­­рыс таңдап, содан үнемі талап етіп, тағ­дырлы мәселені әрі жылдам, әрі сапалы шеш­кеніміз абзал.

Қанат ҚАЗЫ, Астана

«Алаш айнасы» газеті

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1482
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3254
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5485