Сенбі, 19 Сәуір 2025
3056 2 пікір 1 Шілде, 2021 сағат 13:01

Алматыда дельта штамы өршіп кетті

Алматыда дельта штамын жұқтырғандар саны күрт артты. Бұл туралы қала әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров мәлімдеді.

"Қалада соңғы 10-14 күн ішінде инфекция деңгейінің «вертикальды» көтерілуі байқалады. Егер бастапқыда «дельта штамы» жалпы жұқтырғандардың 23% -ын құраса, бүгінде бұл 78%ға тең. Бұған дейін тәулігіне 144 адам ауру жұқтырса, бүгінде 305 адамға дейін жетті. Жұқтырғандардың басым бөлігінде айқын симптом белгілері бар", - деді ол.

Қазақстанда соңғы аптада вирус жұқтырғандар саны еселеп артуда. Екі апта бұрын тәулігіне вирус жұқтырғандар саны орта есеппен 900-1000 адам болса, қазір ол көрсеткіш 2200 адамды құрап отыр.

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Қайраулы қара семсер

Есболат Айдабосын 2041
Анық-қанығы

Еуропаға Ресей аумағынсыз шығу жолы

Асхат Қасенғали 4898
46 - сөз

Бізге беймәлім Барақ хан

Жамбыл Артықбаев 4098