Сенбі, 23 Қараша 2024
7659 0 пікір 2 Шілде, 2021 сағат 12:15

Қанды ай: нағыз соғыс жүріп жатыр

Ауғанстан билігі Ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс күштері (ANDSF) соңғы бір айда Талибанның 6 мыңнан астам содырының көзін жойғанын мәлімдеді. Тәлібтердің де соққысынан үкімет жасақтары айтарлықтай шығынға ұшыраған. 

Маусым айында үкімет Талибанның алға жылжуынан кейін 120 уездегі күштерін эвакуациялап үлгерген. Қазір Талибан Кабулдан 50 шақырым жерде орналасқан солтүстік Каписа провинциясының орталығын басып алды. Ел астанасына жақын аймақта тұр.

Бір ай ішінде Талибан шабуылынан 638 әскери қызметкер мен бейбіт тұрғын қаза тауып, 1060 адам жарақат алған. Құрбан болғандардың көп бөлігі Бағлан, Фаряб, Бадахшан, Газни, Тахар, Балх, Гор, Герат, Фарах, Кундуз, Бадгис және Сари-Пул провинцияларында тіркелген.

Ауған әскерінің шығынына байланысты ресми билік те түсінік беріп жатыр. "Мұндай үлкен соғысқа дайындық болған жоқ, біз партизандық соғысқа дайын болмадық" деді депутат Ариф Рахмани.

Сонымен қатар, Ауғанстан Қорғаныс министрлігі (ҚМ) Ауғанстан қауіпсіздік күштері содырлар басып алған аймақтарды қайтару мақсатында Талибанның Нангархар, Герат, Балх, Джузджан, Гильманд, Тахар, Бадахшан, Кундуз, Баглан және Каписа провинцияларындағы позицияларына қарсы әуе шабуылдарын күшейтіп жатыр.

"Соңғы тәулікте қауіпсіздік пен қорғаныс күштері жүргізген операцияларда 258 тәліб содырлары өлтіріліп, тағы 100-і жараланды", - деді Қорғаныс министрлігі баспасөз хатшысының орынбасары Фавад Аман.

Ауғанстаннан батыс коалициясы шығарылып жатыр. Елдегі ахуал нашарлап, Талибан қозғалысы жаппай шабуылға шығу үстінде.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1466
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3240
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5383