Сенбі, 23 Қараша 2024
Дидар-ғайып 4892 11 пікір 5 Шілде, 2021 сағат 10:17

Айтыскер ақын Әселхан Қалыбекова өмірден өтті

Белгілі айтыскер ақын Әселхан Қалыбекова өмірден өтті. Бұл туралы Шымкент қалалық мәдениет басқармасы мәлімдеді.

«Бүгін қазақтың аяулы қызы, ақтаңгер ақыны Әселхан Қалыбекова апамыз дүниеден озды. Барша қазақ еліне, апамыздың өнерін сүйген жандарға, ағайын- туысына қайғырып көңіл айтамыз»,- делінген хабарламада.

Әселхан Қалыбекова - 1950 жылы 22 сәуірде Түркістан облысы, Отырар ауданы, Шәуілдір ауылында туған. Ол белгілі халық ақыны Ергөбек Құттыбайұлының ұрпағы.

1966 жылы Көксарай елді мекеніндегі Мұхтар Әуезов атындағы орта мектебін бітірген.

1970 жылдары аудандық мәдениет бөлімінде, аудандық газет редакциясында қызмет етті.

1971-91 жылдары аралығында аудандық ауа райы мекемесінде бақылаушы қызметін атқарған.

1981 – 1982 жылдары суырып салма айтыс ақындарының додасына қатыса бастады.

Әселханның айтыс өнеріне қосқан үлгі-өнегесі мол. Ақын апа айтыс әлемінде алып самұрыққа ұқсайтын, қанатымен дауыл тұрғызып, екпінімен найзағай ойнататын, елінің ең сүйікті перзентіне айналған. Республикамызға танымал белгілі ақындардың бәрімен кездесіп, аймақтық, республикалық, халықаралық көптеген дүбірлі айтыстарда намысты қолдан бермеген, от ауызды орақ тілді, арқалы ақын.

Сонымен қатар, Әселхан Қалыбекова Қазақ КСРнің Халық ақыны (1990), Қазақстан жазушылар одағының Жамбыл атындағы халықаралық сыйлығының тұңғыш лауреаты (1989), Отырар ауданының Құрметті азаматы.

Abai.kz

11 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3238
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5377