Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3290 0 пікір 22 Мамыр, 2012 сағат 12:33

Павлодарды қалай атаймыз: Кереку ме, Қонаев па, әлде Нұркент пе?

«Айқын» газетінің өткен санында бір топ зиялы қауым өкілдерінің Павлодар қаласын Нұркент, облысты Нұрарқа деп атау туралы бастама көтергені хабарланған. Бұл қоғамдық пікірге қозғау салып, сарапшылардың бірі Павлодарға Кереку деген атауды жөн көрсе, қалаға Қонаев есімін ұсынушылар да бар. Бірақ барлығы қаланың Ресей патшалығынан қалған ескі есімінен арылып, мағыналы қазақша атауды алғанын қалайды.

Ерлан ҚАРИН, «Нұр Отан» партиясы хатшысы, саясаттанушы:

- Әрине, Ресейдің тіпті кеңестік дәуірі емес, патшалық заманынан қалған ескі атауынан гөрі кез келген қазақы атауды қолдар едім. «Нұркент» пен «Нұрарқаның» астарын да түсініп отырмын. Дегенмен мәселені талдай қарасақ, ономастикалық саясаттағы мақсат - бір атауды екіншісімен механикалық түрде ауыстырып, әйтеуір қазақы атауды беру емес, белгілі бір тарихи зерттеулердің нәтижесінде аймақтардың төл атауларын қалпына келтіру болуы тиіс. Сонда бұл атаулар қоғамда дұрыс қабылданып, бірден сіңісті болып кетеді.

Біз қаланың атауына қатысты жиырма жыл бойы дауласып келеміз. Кереку, Ертіс, Сарырарқа, Баянауыл сияқты оншақты атау ұсынылды.

Енді оның үстіне «Нұркент» пен «Нұрарқаны» қоссақ, елді одан бері шатастырып, дауды ұлғайтын жібереміз. Осылай қазақ қоғамы, зиялы қауым арасында аймақтың атауына қатысты ортақ пікірдің жоқтығын, қайта келіспеушіліктің бар екендігін көрсетіп қаламыз. Соның салдарынан белгілі бір атауды неге қазір және осылай атау керектігін нақты түсіндіре алмаймыз. Сондықтан қаланың атауына қатысты пікірталасты создыртпай, бір ортақ атау бойынша тоқтамға тезірек келіп, оны қолданысқа енгізу керек деп есептеймін. Ал белгілі бір нәрсені өзгертпес бұрын, ең алдымен, өзімізде ортақ пікір мен нақты түсініктің бар екенін басқаларға көрсетуге тиіспіз.

Ғарифолла ЕСІМ, сенатор, академик:

- Мен өзім осы өңірдегі Лебяжье ауданында туып өстім. Сонда бала кезімнен бері Кереку деген атау әбден құлағыма сіңіп қалған. Әлі күнге дейін Кереку деп айтамын. Сол жақта тұратын ешбір қазақ өзара сөйлескенде Павлодар демейді. Бұл атау өте ерте заманнан қалыптасқан. Қазір ғалымдар Кереку сөзі Махмұд Қашқаридің сөздігінде бар деп жатыр. Тіпті Африка елінде патшалық құрған бір династияның Кереку аталуы да тегін емес. Өзара үндес, осы өңірге қатысты Қиық, Қимақ, Кереку сияқты көне қыпшақ сөздері мәлім. Сондықтан неге елге таныс, әрі жатық байырғы Кереку атауын пайдаланбасқа?

Айдос САРЫМ, саясаттанушы:

- Өз басым Павлодар мен Петропавлдың атауларын өзгертілгенін қалаймын. Бұл - барша қазақ қауымының саяси талап-тілегі. Бірақ жаңағыдай Нұркент, Нұрарқа деп өзгертілуіне қарсымын. Менің ойымша, егер олардың атауларын өзгерту туралы нақты шешім қабылданып жатса, ол қалаларға лайықты атаулар да, тарихи тұлғалар да жетіп жатыр. Мәселен, Павлодарға белгілі қоғам және мемлекет қайраткері Дінмұхаммед Қонаевтың есімін беру қажет деп санаймын. Кезінде Димекең осы қаланың көркеюі, дамуы, ондағы өндіріс орындарының салынуына қыруар еңбек етті. Егер қаланың аты Қонаев деп өзгеріп жатса, түсінуімше, оған қазақ қауымы да, орыс диаспорасы да қарсы шыға алмас.

Ал Петропавлға келсек, оның Қызылжар деген тарихи атауы бар. Қала атауларының қазақылануы - сананы, қоғамды отарсыздандырудың алғашқы қадамдарының бірі. Мәселе - тек қана сол қалалардың атауларының өзгергенінде ғана емес, олардың болмысына, тұрмысына, пішініне қазақы құндылықтардың, қазақ дизайнның көптеп енуінде. Байқасаңыз, егер сол Павлодар мен Петропавлдан көшелерінің қазақы атаулары мен қазақ туларын алып тастасаңыз, Ресейдің кез келген қаласынан айнымай қалатыны хақ. Сол жағын да ескеруіміз қажет. Олардың атауларын өзгерту үшін қазақ қауымы бірігіп, белсенді қызмет атқаруы керек-ақ. Ойымыз, ісіміз, талаптарымыз бір жерден шығып отыруы ауадай қажет. Ал бүгінгідей біріміз - Кереку, екіншіміз - Қимақ, үшіншіміз - Сарыарқа, төртіншіміз - «тарихи атына тиісуге болмайды» деп, бесіншіміз - «нұрды» қосып жатсақ, бұл жақсылыққа апармайды. Тіпті үлкен маңызы бар идеяның құнын кетіріп алуымыз да мүмкін. Дұрысы, Павлодар жұртшылығының жиынын өткізіп, нақты шешімге келіп, соны барша қазақтың ұранына айналдырғанымыз абзал.

РS: Кезінде ономастика мәселесіне назар аударып келген Павлодар облысы әкімі Ерлан Арынның да пікірін білгіміз келіп, қабылдау бөлмесіне хабарласқан едік. Бірақ хатшысымен сөйлескеннен кейін: «жақын қызметкерінің өзі бір ауыз қазақша сөйлей алмайтын басшы қаланың атын қайтіп қазақшаласын?!» деген ойға қалдық.

Айжан КӨШКЕНОВА

«Айқын» газеті

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1482
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3253
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5475