Сенбі, 19 Қыркүйек 2026
5866 3 пікір 9 Шілде, 2021 сағат 15:14

Түркімен-ауған шекарасында ұрыс жүріп жатыр

Ауғанстанның Түркіменстанмен шекараласатын Герат және Бадгис аймағында тәліптер мен ауған жасақтары арасында кескілескен ұрыс жүріп жатыр. Бұл туралы түркімен БАҚ-тары хабарлады. 

Ұрыс 7 шілдеде басталды және Бадгис провинциясының әкімшілік орталығы Калайи-Нау қаласының бірқатар аудандарында әлі күнге дейін жалғасуда. Полиция орталығы, әскери база және Ұлттық қауіпсіздік дирекциясы штабы жанында қақтығыстар болып жатыр. Ауғанстан әскери күштері Бадгиске арнайы жасақтарды кіргізген.

Соңғы мәліметтер бойынша Калайи-Науда 69 тәліп өлтіріліп, 23-і жараланған. Ауғанстанның басқа провинцияларында соңғы тәулікте 107 Талибан лаңкестері өлтіріліп, 58-і жараланды деп хабарлады Ауғанстан қорғаныс министрлігі.

Abai.kz

3 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1324
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2896
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 979
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 909