Сенбі, 23 Қараша 2024
Ойдан-қырдан 6628 23 пікір 10 Шілде, 2021 сағат 18:15

Саясаткер: Көпұлтты Ресей ыдырап тынады

Көпұлтты Ресей қазіргі мемлекеттік саясатқа төтеп бере алмай, ақырында ыдырап тынады. Бұл туралы Украинаның Ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс кеңесінің хатшысы Алексей Данилов айтты.

Алексей Данилов Ресей билігі қазіргі жағдайда ішкі проблемаларды жеңе алмайтынына, нәтижесінде мемлекеттің күйреп тынатынына сенімді.

«Ресей қазіргі жағдайды сақтап тұра алмайды. Ол ыдырап тынады. Олар қазір жалғыз адам туралы ғана айтады. Мысалы, шешен халқы. Олар орыс болмайды. Сол секілді, Ичкерия немесе Татарстан да бөлек болады», - дейді Данилов.

Данилов өз пікірін Ресей көп ұлтты мемлекет екендігімен, алайда ондағы барлық халықтар бір-бірінен бөлек өмір сүріп жатқандығымен және олардың әрқайсысы тәуелсіз болуы керектігімен түсіндірген.

Сондай-ақ, Украина Ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс кеңесінің хатшысы Кремльдің уәделеріне қарамастан, Украина мен Ресей президенттері Донбаста, мүмкін тіпті Қырымда келіссөздер жүргізуі мүмкін екенін айтыпты. «Менің ойымша, келіссөздер болады. Әрі қарай да қадамдар жасалуы тиіс», - депті Данилов.

Данилов Ресейге қатысты мұндай мәлімдемелерді алғаш рет айтып отырған жоқ. 2020 жылы да Ресейдің ыдырауы туралы мәлімдеме жасаған.

«Қазіргі Ресей бір кездері қарудың күшімен топтастырылған жасанды құрылым. Оның ерте ме, кеш пе ыдырап тынады айдан анық. Біз Ресейдің ыдырауы бірден бола қоймайтынын түсінуіміз керек. Бірақ, ол процесс біздің көзіміздің тірісінде-ақ болатыны анық!», - деген ол кезде.

Тақырыпқа тұздық ретінде, саясаттанушылар Шешенстан президенті Рамзан Қадыровтың күшейіп келе жатқанын айтады. «Соңғы жылдары Қадыров өз шарттарын жасырын түрде Мәскеуге орындатып келеді. Сондай-ақ, ол Ресей атынан Батысқа айбат шегіп, исламның барлық сыншыларын репрессиямен қорқытуда», - дейді сарапшылар.

Керімсал Жұбатқанов,

Қазақ-Орыс халықаралық университетінің доценті, тарих ғылымдарының кандидаты

Abai.kz

23 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1472
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3248
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5437