Дүйсенбі, 21 Сәуір 2025
4803 1 пікір 12 Шілде, 2021 сағат 14:49

Талқыланбайды: ЕО елдері Ресейден санкцияны алмайды

Еуропалық Одақ Ресейге қарсы экономикалық санкцияларды 2022 жылдың 31 қаңтарына дейін ұзартты. 

Бұл туралы Боррелл мәлімдеді. "Ия, санкциялар ұзартылды", - деді ол. Оның айтуынша, Еуропа елдерінің басшылары мұндай шешімге 24-25 маусымда өткен саммитте келген.

Бұған дейін ЕО-ның сыртқы істер және қауіпсіздік саясаты жөніндегі жоғары өкілі Джозеп Боррелл ЕО елдерін Ресей мен Қытай қолданатын вакциналардан сақтануға шақырған еді.

Боррелл Еуропалық Кеңестің өтініші бойынша және Еуропалық Комиссиямен алдағы айларда Ресейге қарсы жаңа санкциялармен жұмыс істейтінін мәлімдеді.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Қайраулы қара семсер

Есболат Айдабосын 2074
Анық-қанығы

Еуропаға Ресей аумағынсыз шығу жолы

Асхат Қасенғали 4944
46 - сөз

Бізге беймәлім Барақ хан

Жамбыл Артықбаев 4151