Сенбі, 23 Қараша 2024
Талқы 3035 1 пікір 13 Шілде, 2021 сағат 16:36

Ұлттық қауіпсіздікті қорғау - басты міндет!

Бүгінгі Қазақстан Ұлттық Қауіпсіздік комитетінің күні. Кәсіби мереке қарсаңында ҰҚК басшысы Кәрім Мәсімов «Казахстанская правда» газетіне арнайы сұхбат берген еді. Сұхбат барысында Мәсімов түрлі саяси мәселелерді сөз етеді. 

Мәсімов қазіргі қалыптасқан жағдайға байланысты ұлттық қауіпсіздікке түрлі қатердің артқанын мойындайды. Ол мақалада:

«Өзге елдерден келуі мүмкін терроризм мен экстремизм қаупі күн тәртібінен түскен емес. Ең алдымен АҚШ әскерінің ауған жерінен шығарылуы аймақтық қауіпсіздікке тікелей әсер етіп, шиеленістің артуына әкеледі. Оқиғаның осы бағытта өрбуі тұрақсыздықтың басқа өңірге алмасып, діни экстремистік ұйымдардың аймаққа ұмтылуымен, есірткі тасымалының артуымен және босқындардың көбеюімен сипатталуы мүмкін»,- дейді ҰҚК басшысы.

Кәрім Мәсімов пандемияның да ел қауіпсіздігіне кері әсер етіп жатқанын жоққа шығармайды.

«Көз алдымызда жаһандық саясат пен экономиканың күн тәртібі өзгеріп жатыр. COVID-19 пандемиясы және оның салдары жаңа қауіптер мен қатерлерді туындатуда. Саясат, экономика, әлеуметтік өмір мен технологияда трансформация жүріп жатыр. Соңғы екі жылда әлемде қоғамдық мәселелер ушығып, экономикалық дисбаланс туындады. Халықаралық қатынастың құрылымы да өзгеріп шыға келді», - дейді ол. Осылайша пандемия әлемді жаңа кезеңге бастап жатқанын мойындайды.

ҰҚК басшысы елімізде терроризммен күрестің қалай жүріп жатқанын да айтыпты.

«Соңғы уақытта қазақстандықтардың халықаралық террорлық ұйымдарға қатысуы азайды. Бұған жағымды әсер еткен «Жусан» операциясы болды. Бесінші этап барысында Сириядан 600 адам әкелінді. Олармен қызу жұмыс жүргізіліп, дерадикализация, адаптация және реабилитация процестері іске асуда. Құқықтық тұрғыдан оларды оқшаулау, заң аясында жаза кесу де қарастырылып жатыр. 

Ағымдағы жылдың өзінде 5 мың іс-шара өтіп, оған 500 мың адам қатысты. Интернетте 53 мың террорлық және экстремистік сипаттағы ақпараттар өшірілді. Профилактикалық жұмыстар барысында 888 адам экстемистік көзқарастан дәстүрлі исламға өтсе, 1067 радикалдық ағым өкілдері қазақстандық құндылықтарды қабылдады», - деді ол.

Мәсімовтың ақпаратынша 6 ай ішінде шекарашылар заңсыз шекараны кесіп өтпек болға 5 мың адамды ұстаған. Шекарадан өткізілмек болған 100 мың оқ-дәрі, 2 мың электрошокер, 12 мың суық қару тәркіленген.

«Орталық Азия республикаларының бірінің арнайы қызметтерімен бірге біз трансұлттық қылмыстық топтың (Орталық Азия елдерінің азаматтары арасынан) ядролық материалдардың заңсыз айналымы саласындағы қызметін тоқтатты. Тұтастай алғанда, тек 2020 жылы мемлекеттік экономикалық даму бағдарламаларын қарсы барлау қызметі, сондай-ақ шетелдік инвесторлардың, қаржылық-өнеркәсіптік топтар мен трансұлттық компаниялардың қызметін бақылау аясында 925,3 млрд.теңге көлемінде экономикалық залалдың алдын алынды, 147,23 миллиард теңге болды», -дейді ол.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1480
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3253
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5475