Сенбі, 23 Қараша 2024
4227 6 пікір 16 Шілде, 2021 сағат 14:56

Жаңаөзенде жұмысшылар наразылық білдіруде

Жаңаөзенде «KMG Security» компаниясының 300-ге тарта жұмысшысы наразылыққа шықты. «ӨзенМұнайГаз» компаниясының өндіріс ошақтарын күзететін жұмысшылар басшылық тез арада жалақыны көбейтіп берсін деп талап етіп отыр. Келіспеген жағдайда барлығы бір ауыздан жұмысқа шығудан бас тартады. Бұл туралы arasha.kz сайты мәлімдеді.

«KMG Security» компаниясының 300-ге жуық күзетшісі кеңсе алдына жиналып, талаптарын айтты. Олар жалақымыз кемінде 150 мың теңгеге көтерілмей, жұмысқа шықпаймыз деп отыр. Сондай-ақ әрбір мереке сайын қосымша сыйақы төлеуді талап етеді. Айтуларынша, азық-түлік қымбаттағалы азғантай ғана айлықтары ештеңеге жетпей қалған.

Күзет кеңсесін қоршауға алған наразы топ басшылық шығып, жауап берсін деп тұрып алды. Бірақ қызметкерлерімен тілдесіп, төбе көрсеткен ешкім болмады.Тіпті мекеменің табалдырығын аттау да мүмкін болмаған.

Ақыры, шұғыл жиналыстан қазір ғана шыққанын айтып, көп күттірген компания директоры да келді. Ол жұмысшылардың арызы орынды дейді. Айтуынша, айлық жалақыларын көтеру мәселесі де қаралыпты.

“Жігіттерге арыз жазыңдар, бірақ жұмыстарыңнан қалмаңдар дедім. Бұл сұрақтар Астана арқылы шешіледі. Көбінің екінші жұмыстары бар. Бұларға тәулікпен істеген ыңғайлы. Директордың айтуынша, бұл мәселе бұған дейін де көтеріліпті. Бірақ дәл жалақыны көтеретін кезде елді індет жайлап, кейінге шегерілген екен”, – дейді «KMG-Security» ЖШС директоры Аман Темірәлиев. Ал ашуға булыққан күзетшілер айлық өспей, жұмысқа шықпаймыз деп отыр.

Abai.kz

6 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1487
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3257
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5529