Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2872 0 пікір 28 Мамыр, 2012 сағат 12:52

Жаңаөзен қаласының бұрынғы әкімі Жалғас Бабаханов қылмыстың 6 түрлі көрінісі бойынша айыпталуда

АСТАНА. 28 мамыр. ҚазАқпарат - Жаңаөзен қаласының бұрынғы әкімі Жалғас Бабаханов қылмыстың 6 түрлі көрінісі бойынша айыпталуда.

Бұл туралы бүгін Маңғыстау облысы мен Жаңаөзен қаласының лауазымды тұлғаларына қатысты қылмыстық істер бойынша Астанағы брифингте ҚР Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің (қаржы полициясының) ресми өкілі Мұрат Жұманбай мәлім етті.

«Жаңаөзен қаласының тағы бір бұрынғы әкімі Жалғас Бабахановқа қатысты қылмыстық істің тергеуі аяқталды. Ол қызметтік өкілеттігін теріс пайдаланудың 6 түрлі көрінісі бойынша айыпталуда», - деді ресми өкіл.

Тергеумен анықталғандай, 2005 жылдан бастап жыл сайын «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ, Жаңаөзен қаласы әкімінің аппараты және «Жанашыр» тұрғындарды әлеуметтік қорғау және қолдау қоры арасында демеушілік көмек көрсету жөнінде келісімшарттар жасалып отырған. Олардың негізінде «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ Жаңаөзен қаласының әлеуметтік инфрақұрылымының дамуына қажетті қаражаттарды бөліп отырған.

«Келісімшарттардың талаптарына сәйкес, бөлініп отырған қаражат инженерлік жүйелерді қайта құру және дамытуға, жағдайы төмен жанұяларға, мүгедектер, зейнеткерлер, Ұлы Отан соғысының қатысушылары, туберкулезбен ауыратын және әлеуметтік жағынан қорғалмаған басқа да тұрғындарға әлеуметтік қолдау және қорғауға, оған қоса құқық қорғау органдарын техникалық қамтамасыз етуге және тағы басқа мақсаттарға бағытталуы тиіс еді. Алайда Бабахановтың тікелей нұсқауымен бөлініп отырған ақшаның бір бөлігі мақсатсыз жұмсалған», -дейді М. Жұманбай.

Ж. Бабаханов өзінің қызметтік жағдайын пайдалана отырып, «Жанашыр» қорының басшылығына жеке кәсіпкерге оның сауда орнын демонтаждау үшін 4 млн. теңгені аударуға  және әлеуметтік жағдайы төмен азаматтардың қатарына жатпайтын Жаңаөзен қаласы әкімшілігінің қызметкеріне 6 млн. теңге тұратын пәтерді сатып алу туралы нұсқау берген деген айып тағылуда.

Бабаханов «Жанашыр» қорының басшылығына құқық қорғау органдарын техникалық қамтамасыз етуге бөлінген ақшадан қордың қажеттігіне 2,6 млн. теңге тұратын автокөлікті және кеңсеге пайдалануға 4,1 млн. теңге тұратын пәтерді сатып алуға, оған қоса қаланың әкімдігіне «Жоспарланбаған шығыстар» бабымен жалпы сомасы 9,3 млн. теңге тұратын 2 жеңіл автокөлікті сатып алуға нұсқау берген деп айыпталуда.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3238
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5377