Қажымұқан Ғабдолла. Кіммен бөле жейміз?..
Нән жиылыс өтті, Астанада. Арнайы үкі тағылып: «Астананың экономикалық саммиті» деп аталыпты. Алғашында қатардағы «Елдің имиджі» дейтін қойыртпақтың қатарындағы тірлік шығар, деп топшалағанбыз...
Кенет, бір қонақтың сөзі найзағайдың жасынындай әсер етті. Американдық белгілі экономист Эдвард ПРЕСКОТТ мінберден былай деді: «Сіздерге меншік иелерінің мейлінше кеңейтілген базасын жасау керек. Мысалы, сіздер әрбір қазақстандықтың жеке есеп-шотын ашып, соның депозитіне мұнайдан түскен қаражаттың бір бөлігін құйып отырсаңыздар, онда сіздің халық бұл капиталын инвестицияға айналдыра алады. Сонда ғана сіздің ел дамыған елдердің қатарына қосылады...»
Сірә, бұл сөзден кейін «мәдениет бауы» жалтыраған біраз шенеуніктің жүректері қатты шаншып, қан қысымдары ойнақтаған шығар-ау?!.
Бұл идея - біз үшін жаңалық емес. Қазақтың қамын, ұлттың мүддесін шынайы ойлаған адал азаматтар (Мысалы, Ермұрат БАПИ) бұл пікірді жиырма жылдың шамасында тоқтаусыз айтып келеді. Жаңалық болатыны сол - енді бұл ұсыныс шетелдік ғалымның ауызымен халықаралық жиында, елдің астанасында ашық айтылды.
Біз үшін мұның өзі жақсылықтың нышаны. Халықтың байлығы - өз иесіне, яғни, халыққа қайтарылуы керек. Әділдіктің орнауы да, иманның жолы да осы. Бір жағынан, қара қылды қақ жарып, турасын айтқан Эдвард ПРЕСКОТТ мырзаны тәңір жарылқасын!

Бірақ, тереңдегі бір түйсігім бұл айтыстың артында бір жұмбақтың, бұл «әділдіктің» ақырында бір түйіткілдің жатқандығынан хабар беретіндей. Бәрі дұрыс: американдық экономист шындықты айтып, әділдігін таразылап жатқан сияқты көрінгенімен, шынтуайтына келгенде, Эдвард ПРЕСКОТТтың қазаққа қайдан жаны ашысын, оның көкейін тескен қазақтың байлығы ғой...
Қазақтың мәңгі достары жоқ, қазақтың мәңгілік мүддесі ғана бар. «Аңқау елге - арамза молдадай», бізге шетелдің ғалым болып келгені - залым болады; әнші болып жеткені - тыңшы болып жатады. Бұл айтыстың шынайы мәтін-мәні: «Ей, қазақтар, тынышталмаңдар, айналаны тас-талқан етіңдер! Біз ғана сендердің жағдайларыңды ойлаймыз!» - дегендейін харам емеурін секілді. Тоз-тоз жұртты жауы жылдам жеңіп, нәпақасын тартып жейді... Қараңызшы: мұндай аса жауапты шаруаға анау-мынау қарапайым адамды емес, Нобель сыйлығының лауреатын аттандырыпты...
«Жау жоқ деме, жар астында» дейді аталарымыз, шекеміз қызып, дорбамыз толып тұрғанымыз шамалы, бірақ, бізге алыстан келген жаттың жаны ашымайтындығы айдан анық. Өз арбамызды - өзіміз сүйреп дағдыланған елміз. Қолтығымызға су бүркігеннен де, көпшік қойып, көлгірсігеннен де сақ болуға тиіспіз...
Америкалық Нобель сыйлығының лауреаттары мықты болса, алдымен, дефольттың табалдырығында тұрған Америкасын жарылқап алсын?!.
Ерте ме, кеш пе, қазақтың қазіргі бай-манаптары: «Өле жегенше, бөле же!» - дегенге, амалсыз табан тірейтін болады. Қарапайым қазақтың салмағы мен сабыры, ақылы мен адымы алмайтын асу жоқ!..
«Абай-ақпарат»