Сенбі, 23 Қараша 2024
Саңлақ 9050 0 пікір 23 Шілде, 2021 сағат 20:29

Олимпиада: Ертең жарыс жолына кімдер шығады?

24 шілдеде Токио Олимпиадасында қазақстандықтар бірден жеті спорт түрінде сынға түседі, деп хабарлайды  Prosports.kz.

Бұл күні өткен Олимпиада ойындарының жүлдегерлері, дзюдошылар Елдос Сметов пен Галбадрах Отгонцэцэг назарда болады. Жүзгіш Дмитрий Баландин мен боксшы Серік Теміржанов та жарыс жолына шығады. Сонымен қатар, велоспорттан ерлер құрамасы медальға таласады, ал теннисшілеріміз алғашқы матчын өткізеді. Александр Бублик бір күнде екі рет кортқа шығады.

24 шілдедегі сайыстар кестесі

Велоспорт
8:00. Топтық жарыс. Ерлер.
Алексей Луценко, Дмитрий Груздев, Вадим Пронский

Дзюдо
8:00. Әйелдер, 48 келіге дейін. Бірінші кезең.
Галбадрах Отгонцэцэг – Ли Янан (Қытай)
9:24. Ерлер, 60 келіге дейін. Екінші кезең.
Елдос Сметов

Бокс
9:18. Бірінші кезең. 57 кг
Серік Теміржанов – Роланд Галош (Венгрия)

Теннис
Бірінші айналым
10:00. Александр Бублик – Даниил Медведев
10:00 Елена Рыбакина – Саманта Стосур
12:00 Зарина Дияс – Барбора Крейчикова
14:00 Бублик/Голубев – Шарди/Монфис

Спорттық гимнастика
11:30. Іріктеу. Ерлер.
Милад Карими

Жүзу
17:35. 100 м брасс. Ерлер. Алғашқы кезең
Дмитрий Баландин

Үстел теннисі
18:00. Бірінші кезең
Анастасия Лаврова – Мария Сяо

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3238
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5377