Сенбі, 5 Қыркүйек 2026
Жаңалықтар 6007 0 пікір 25 Шілде, 2021 сағат 11:17

Мықты мемлекет үшін мықты аймақтар болуы керек

Президент халықты сайлауға қатысуға, өз әкімдерімізді таңдауға шақырды. Орта Азияда тұңғыш рет іске асқалы отырған реформаны тікелей өз бастамасымен қолға алып, тиісті заңдарға өзгерістер енгізіп, жергілікті жердегі өзін-өзі басқару институтын дамытуға бағытталған президент тапсырмасы үтір, нүктесіне дейін сауатты, өркениетті жолмен орындалуы тиіс. Президент айтқандай мықты мемлекет үшін мықты аймақтар болуы керек.

Еліміз үшін осы маңызды шарада аймақтардағы ахуалды көзбен көріп, бақылау мақсатымен Өзбекстанмен шекаралас жатқан Қазақстан ауылдарында боламын. Біз қай заманда да аталы сөзге тоқтаған, әр нәрсенің парқына бара білген, елдікті бірінші орынға қойған халықпыз. Бұл жолы да сыннан сүрінбей өтеміз деп сенемін.

Қандай жағдай болмасын елдік, мемлекеттілік, тұтастық біз үшін қасиетті ұғым. Ел болып саяси мәдениет пен татулықтың, тұтастықтың үлгісін көрсетеміз деген ойдамын.

Сайлауға барып, өз таңдауларыңызды білдіріңіздер. Сайлау процесі президент Қасым-Жомарт Тоқаев мырзаның жеке бақылауында.

Бауыржан Серікбаев

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 895
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2321
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 597
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 581