Жұма, 22 Қараша 2024
5126 8 пікір 25 Шілде, 2021 сағат 12:35

Қызылордадағы қуаңшылыққа 1,7 млрд теңге бөлінеді

Еліміздің Маңғыстау облысы мен Қызылорда облысында қуаңшылық болып, мал қырылып, ел жұттың алдында тұр. Президент бұл мәселені Үкімет отырысында көтеріп, бұрынғы ауыл шаруашылық министрін қызметінен алып тастаған еді. Халық өз бетінше көмек қолын созып, шөп орып, қуаңшылық аймақтарына аттандырып жатыр. Бұл ретте "Үкімет нақты көмек көрсетуі тиіс" деген талаптар да қатаң қойылуда. 

“Ақ жол” демпартиясының Мәжіліс депутаты Берік Дүйсенбиновтың талабы бойынша Үкімет Қызылордадағы мал азығын арзандатуға 1,7 млрд-қа көмек көрсетуді қарастырып жатыр.

Мәжілістегі "Ақ жол" партиясының депутаты Берік Дүйсембинов 2021 жылы, шілденің 4 мен 13 аралығында Қызылорда облысына іс-сапармен барған болатын.

"Ақ жол" депутаты Сыр өңіріндегі Арал, Қазалы, Жаңақорған аудандары мен облыс орталығынан шалғай орналасқан Бөген, Жаңақұрылыс, Шәкен, Асқар, Көктөбе ауылдары мен Жаңақорған кенті, Кейден ауыл округіне барып, ауыл халқымен, кәсіпкерлермен, құмда отырған малшылармен жүздесіп, жергілікті жердегі түйткілді мәселелермен танысып, халықтың осы мәселерді шешуге арналған ұсыныс-тілектерін тыңдап, ақылдасты.

Кездесуде ауыл тұрғындары басты мәселе қуаңшылық, жайылымдық, шабындық жерлерді суландыру, төрт түлік малға қажетті жем-шөп, жол мәселесі қиындық тудырып отырғанын айтқан болатын. Бүгінгі Сыр еліндегі басты мәселе қуаңшылықтан болған мал азығының тапшылығы мен су мәселесі болғандықтан, депутаттар өздерімен бірге ауыл шарушылық министрлігі мен су комитетінің өкілін бірге алып шыққан еді.

Осы іс-сапарда депутаттармен бірге ел аралаған ауыл шаруашылық министрлігінің өкілінен жағымды жаңалық жетті. Қуаңшылықтан зардап шегіп отырған тұрғындардың мал азығына қолдау көрсету үшін Премьер министрдің кеңсесіне жем-шөпті арзандатуға резервтен 1,7 млрд. теңге бөлу туралы қаулы жобасы енгізілген. Көмекке мұқтаж болып отырған Сыр мен Арал халқына бұл қаражат келесі аптада жетеді.

Өңірдегі ағайынның көтерген мәселелері Үкіметке жетіп, нақты шешімдер қабылданып жатқаны қуантады.

Abai.kz

8 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1456
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3222
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5278