Жұма, 22 Қараша 2024
Жаңалықтар 3848 0 пікір 31 Мамыр, 2012 сағат 09:08

Жанболат Серікбай. Қазақстан-Қытай шекарасы:15 адамның мәйіті табылды

tengrinews.kz КазТАГ-қа сілтеме жасап, Алматы облысының  Алакөл ауданына қарасты «Горный» шекара бекетінде шекара әскерінде қызмет ететін 15 адамның  денесі табылды. Қайтыс болғандар арасында 3 келісім-шартпен қызмет етуші, 11 сарбаз, бір офицер бар деп хабарлайды. Ықшам бекет жазғы маусымда бұл жерге емдік шөптерді заңсыз жинаушылардың жолын кесу үшін қойылатын. Бұдан бұрын бұл жерде Қытай азаматтары ұсталған.

КазТАГ дереккөзінің хабарлауынша, алаңдаушылықтың тууына «Горный» ықшам заставасының бекітілген кесте бойынша байланысқа шықпай қалуы себеп болған. Дабыл бойынша 30 мамыр күні бекетке келген әскери қызметкерлер шекарашылар денесінің бір жерге үйіліп жатқанының үстінен түсті. Қосынға жақын жердегі қорықшы үйінде орманшының денесі табылған. Алдын ала жасалған болжам бойынша қорықшы - ер адам екі күн бұрын өлтірілген. БАҚ-та таралған ақпараттарда қайтыс болғандар саны 8-ден 15-ке жетті делініп отыр. Сонымен қатар, бұқаралық ақпарат құралдары шекарашылар қазасының екі себебін қарастыруда: шекарашыларға шабуыл немесе әлімжеттік көрсету. Ал, «Интерфакс Қазақстан» ақпарат агенттігіне шекара қызметінде өрттің пайда болуынан шекарашылар қаза тапты деген мәлімет түскен.  Осы іске орай мәлімет берген ҰҚК өкілі Ғұсман Әмрин де шекарашылар өлімінің себебі өрттен болуы мүмкін дейді. Бірақ, нақты себебін тергеу жұмыстары аяқталған соң айтатынын мәлімдеді. Айтпақшы, шекарашылардың қару-жарақтары оқиға орнында жоқ. Қолды болған.

«Маса-ақпарат»

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1453
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3216
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5257