Сейсенбі, 21 Қыркүйек 2021
2830 0 пікір 25 Шілде, 2021 сағат 17:12

Еңбекшіқазақта сайлау қалай өтуде?

Еңбекшіқазақ ауданында 21 мыңнан астам адам таңдау жасады
Ел тарихында елеулі оқиға 2021 жылдың 25 шілдесі күні орын алды. Бұқара болып болашақ әкімді таңдау Республикада тұңғыш рет жүзеге асырылып отыр. Өлкенің өрісін кеңейтіп, әлеуетін арттыратын бірден-бір тетік ол-ауыл. Сарыарқаның сайын даласына келген саясаттағы тың бастама Алматы облысында айналып өтпесі анық. Бүгінгі күні, дүбірлі додаға Алматы облысынан 235 кандидат қатысуда. Оларға 220 мыңнан астам тұрғын дауыс береді деп күтілуде.

Ел аумағында өтіп жатқан саяси бәсекенің жоғары дәрежеде өтуіне ат салысып жатқан аудан, Алматы облысына қарасты Еңбекшіқазақ ауданы. Аталған аймақта 300 мыңға жуық халық тұрады. Сәйкесінше, сайлаушылар саныда көп. 49 429 адам өз таңдауын жасайтын болады. Негізінен ауданда 34сайлау учаскелері жұмыс жасайды. Соңғы деректер, сағат 16:00-де 21653 адам дауыс бергендігін растап отыр.

Сайлау науқаны мәресіне жеткенге дейін, барша аудан тұрғындары өз таңдауларын жасайды деп күтілуде.

Айта кетейік, Еңбекшіқазақ аудананындағы сайлау науқаны санитарлық талаптарды сақтай отырып жүргізілуде.

Abai.kz

0 пікір