Бейсенбі, 26 Желтоқсан 2024
3686 0 пікір 31 Шілде, 2021 сағат 18:38

Қазақстан армиясы һәм «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы Қазақстанның Қарулы күштері саласында да іске асырылуда.

Жуырда Нұрлан Ермекбаев басшылық ететін ҚР Қорғаныс министрлігінің ақпараттық-түсіндіру тобы ҚР Қарулы Күштерінің «Шығыс» өңірлік қолбасшылығына қарайтын әскери бөлімдер мен мекемелерді аралап, ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізген.

Кездесулер әскери қалашықтардағы арнайы белгіленген орындарды өткен. Оған ҚР ҚК Экономика және қаржы, Тәрбие және идеологиялық жұмыс тар департаменттерінің, ҚР ҚК Әскерлерді баспанамен қамту басқармасының өкілдері мен заңгерлер қатысқан. Әскери қызметшілер және олардың отбасы мүшелерімен жекелеген кездесулер ұйымдастырылған.

«Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы аясында әскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелерінің әлеуметтік, тұрмыстық және тұрғын үй мәселелері зерделеніп, барынша қысқа мерзім ішінде шешу назарға алынды», - деп жазылған министрлік ақпарында.

ҚР Қорғаныс министрлігі жанынан құрылған ақпараттық-түсіндіру жұмыс тобы офицерлерінің негізгі қызметі ҚР ҚК әскери бөлімдерінде жоғарғы моральдық һәм психологиялық жағдайды бақылауға және қолдауға, әскер сапында жүргендер арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізуге, ҚР Қарулы Күштерінің ардагерлерімен, өзге мемлекеттер аумағындағы әскери, ұрыс іс-қимылдарына қатысушы жауынгерлермен өзара байланыс орнатуға бағытталған екен.

«Қазіргі таңда еліміздің барлық аум ағында Ардагерлер ұйымдары жұмыс істеп жатыр. ҚР Қарулы Күштерінің өңірлердегі әскери бөлім қолбасшылары аталған ұйым өкілдерімен тығыз байланыста. Жас сарбаздарды патриоттыққа тәрбиелеуде ардагерлердің өмірлік тәжірбиелері өте маңызды рөл атқарады», - дейді ведомство өкілі Abai.kz порталына берген пікірінде.

Министрлік ақпаратына сүйенсек, қазіргі уақытта ҚР ҚК ардагерлері мен өзге мемлекеттердегі әскери ұрыс қимылдарына қатысушы офицерлер ҚР ҚК сапындағы жаңа, жас буын сарбаздарға аранйы «ерлік сабақтарын» өткізуді қолға алған.

«ҚР ҚК Қорғаныс ведомствосы ардагерлермен жүйелі түрле жұмыстар жүргізуге баса назар аударып отыр. Бұл кісілер әскери ұрыс қимылдарына қатысқан бұрынғы әскери қызметшілер. Олардың өмірлік тәжірбиесі мол. Сондықтан да оларды Қазақстан армиясының мүддесі үшін осындай көптеген іс-шараларға тарту маңызды», - дейді ҚР Қорғаныс министрлігінің Тәрбие және идеологиялық жұмыстар департаменті бастығының орынбасары, полковник Ермиян Бятов мырза.

28 шілдеден 31 шілдеге дейінгі аралықта ҚР Қорғаныс министрлігінің арнайы ақпараттық-түсіндіру тобы ШҚО, Өскемен, Аягөз қалалары, Жарма ауданы, Жалғызтөбе кенті мен оған алыс-жақын орналасқан елді мекендерде түсіндіру жұмыстарын жүргізген.

Бұл жерлерде ақпараттық-түсіндіру тобына кіретін Тәрбие және идеологиялық жұмыстар департаментінің офицерлері ҚР ҚК ардагерлерімен, Екінші дүниежүзілік соғыс ардагерлерімен, әскери зейнеткерлер мен жапастағы әскери қызметшілермен кездесулер өткізген. Әскер ардагерлерінің түйткілді проблемаларын тыңдап, ардагерлерді әлеуметтік қолдау және кепілдік берілген құқықтармен қамтамасыз ету бойынша мәселелерді шшешу үшін әскери бөлімдер мен бөлімшелерге тапсырма берген.

Мысалы, ШҚО, Жарма ауданы, Қалбатау кентінің ардагерлері өздері тұратын кенттегі интернационалист жауынгерлер аллеясына косметикалық жөндеу жұмыстарын жүргізіп беруді өтінген. Бұл бойынша тиісті тапсырма берілген. Тапсырманы Семей гарнизонының әскери қызметшілері орындайтын болады.

Сондай-ақ, Қорғаныс министрлігінің ақпараттық-түсіндіру тобының өкілдері Аягөз және Өскемен қаласында орналасқан әскери гарнизондардағы сарбаздарды салтанаты түрде запасқа шығарып салу рәсіміне де қатысып қайтқан. Ал ҚР ҚК ҰӘПО Орталық ансамблі еліміздің барлық елді мекендерінде ҚР Тәуелсіздігіне 30 жыл толуына арналған концерттер өткізген.

Ербол Мәсілхан

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 2036