Жұма, 22 Қараша 2024
Жаңалықтар 6103 0 пікір 1 Маусым, 2012 сағат 09:06

Мал дәрігері Б.Тұрсынбеков жылқының «жазылмайтын» ауруының емін тапты

АСТАНА. 1 маусым. ҚазАқпарат - Қамбар ата тұқымының тік ішегіне ебелек пен жоңышқа араласып, желімдей тұтасып қа­тып қа­луынан туындайтын «қу тезек» (закупор прямого кишка) дерті кө­бінесе көктемде, мамыр айының ая­ғында көптеп кезде­седі екен.

«Ве­теринарлық анық­та­малықта» мұн­дай тік ішектің толуы дертінен малдың оңалып кетуі сирек екен­дігі, тіпті күрде­лі ота жа­саудың да жақсы нәти­же бер­мейтіні жазыл­ған. Осы мәселеге байланысты тиісті ме­кемелердің ветеринар мамандарынан да сұрастырып біл­генбіз. Олар тік ішекке қатысты үш бірдей (ішек­тің оратылуы, тік ішектің ісінуі, толуы) дерт барын, оның қай-қайсы­сын болсын емдеп жазу, ота жасау тым қиынға түсе­тінінін, ота жасал­ған күннің өзінде күткендегідей нәтиже бермейтінін айтып, «ең дұрысы сойып тастау ғой» десті.

Ал, бұл дерттің емі бар болып шықты. Оны ойлап тауып жүрген басқа емес, қарапайым ғана ауыл ветеринары Бота (төл­құжаттағы есімі Кенішбек) Тұр­сынбеков. Жуырда оның Ойық ауылының тұрғыны Артық Қой­шыбаевтың тік ішегі бітеліп, «енді өледіге» сайып отырған мініс атын өзі білетін әдіс-амалға сай ота жасап, емдеп жазғанын естідік. «Ой­пырм-ай, қолының епсекті­лігі-ай, жылқының жамбас қуы­сы­на ота жасағанды Ботадан көрдім» дейді мал иесі әрі қуанып, әрі таңырқап.

Кейін «емшінің» өзімен де жолығып, тілдескенбіз. Кезінде өзім ғана білетін осынау ота жасау әдісін жаңалық деп те ойламаппын. Содан да оны көпке жария етпей келдім. Қазір егде тартқанда барып, мұның еліміз­дің ветеринария ғылымы үшін өте-мөте қажеттігін түсіне баста­ғандаймын. Ғылыми әдебиеттерде тік ішек ауруының осы түрін емдеп жазуға қатысты мәлімет әлгіндей. Ал менікі қарапайым әдіс қой. Осы күнге дейін өзім емдеп, ота жасаған бірде-бір тұяқ шетінемепті, бәрі де аяғына тұрып кетті, деп Бота ағамыз ағынан жарылды сол жолы.

Айтқанының бір жалғаны жоқ. Алғаш рет, осыдан жиырма жылдай бұрын осы аурудан ауылда жылқы малы жаппай қырылып жат­қанда, олардың 20-30-ын емдеп жазып, аман-сау алып қалға­нын ауылдастары әлі де жырдай қылып айтады. Оның өзі ойлап тапқан ота жасау әдісі жуықта ауылындағы пышаққа ілінгелі тұрған және бір қылқұй­рық­тының қатарға қо­сылуына сеп­тесіпті. «Қу тезектен» қазір де аяқ­ты мал­дарының көптеп қырылуына жол беріп жүрген Семей өңірінің жұрт­шылығы ауыл­дағы «алтын қолды» мал дәрі­герінің емін қан­ша­лықты қажет­сініп отыр десеңізші!

«Қолда өскен құлынның тай аты қалмайды» дегендей, ауылда, күнбе-күн өзімізбен аралас-құра­лас­тықта, тап жанымызда жүрсе де, озық ойлы, жаңашыл іске бейім азаматтарды көзге аса іле қоймай­мыз. Сондай талантты азаматтар­дың бірі - Б.Тұрсынбеков. Бүгінде ол өзінің жылқы ауруларын қара­пайым жолмен емдеу әдісін патенттеуге кірісуде. Уақыт талабы сондай. Б.Тұрсынбековтің өткен ғасыр­дың 80-жылдары Луговой зоотех­никалық-ветеринарлық техникумынан алған мамандығы бойынша ша­руашылықта көп жылдар бойы мал дәрігері болып жұмыс істеп, жиған бай тәжірибесін елдің игілі­гіне жұмсамақ ниеті әбден құптарлық.

Дерек көз: «Егемен Қазақстан» газеті.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1457
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3225
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5279