Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 5662 0 пікір 4 Маусым, 2012 сағат 07:57

Нұрлыбай Қошаманұлы. Ұлттық мемлекет және көпұлтты Қазақстан

Бұл мәселе қазақтың басын ауыртқаны белгілі. Талай мәрте көтеріліп, бұл құрылымға қайраткерлер, қарапайым халық, көпшілік БАҚ беттерінде қарсылығын білдірді. Мәслені Т.Жұртбаев тағы көтерген екен. Дұрыс. Ұлтаралық татулықты сақтау, ұлттық кемсіту мен езгінің қандайына болса да жол бермеу өркениетті мемлекеттің қарапайым қағидасы. Соңғы кездегі қоғамдық өмірімізде болып жатқан ұлтаралық қатынастардың күрделенуі шошытты ма, «өзара тәрбие мен ұлттар арасындағы достық қатынасты жақсарту» деген үлкен сөздерді бүркеме еткен билік көп ұлтты сенат және парламент құру қажет деген жаңа бір реформаны заңдастыруға кірісті. Себебі, түк пайдасы жоқ Халықтар Ассамблеясының Қазақстан билігіне деген идеялық-саяси ықпалы «қазақ үнінен» басымдық алып барады. Осыны оңтайландыруға жүгірген қазақстандық диаспоралар да өздерінің билік айналасындағы икемді де ықпалы «бар» өкілдері арқылы ұсақ ұлттарға бұрынғыдан да гөрі көңіл бөлуді міндеттеу қажет деген лоббистік мүдделерін өткізе отырып, «ақырындап» мемелекеттің басқару жүйесіндегі бұрыннан қалыптасқан бағытты бұзуға, оны қайта қарауға, тіптен «Ата Заңды» өзгертуге мәжбүрлеуде.

Бұл мәселе қазақтың басын ауыртқаны белгілі. Талай мәрте көтеріліп, бұл құрылымға қайраткерлер, қарапайым халық, көпшілік БАҚ беттерінде қарсылығын білдірді. Мәслені Т.Жұртбаев тағы көтерген екен. Дұрыс. Ұлтаралық татулықты сақтау, ұлттық кемсіту мен езгінің қандайына болса да жол бермеу өркениетті мемлекеттің қарапайым қағидасы. Соңғы кездегі қоғамдық өмірімізде болып жатқан ұлтаралық қатынастардың күрделенуі шошытты ма, «өзара тәрбие мен ұлттар арасындағы достық қатынасты жақсарту» деген үлкен сөздерді бүркеме еткен билік көп ұлтты сенат және парламент құру қажет деген жаңа бір реформаны заңдастыруға кірісті. Себебі, түк пайдасы жоқ Халықтар Ассамблеясының Қазақстан билігіне деген идеялық-саяси ықпалы «қазақ үнінен» басымдық алып барады. Осыны оңтайландыруға жүгірген қазақстандық диаспоралар да өздерінің билік айналасындағы икемді де ықпалы «бар» өкілдері арқылы ұсақ ұлттарға бұрынғыдан да гөрі көңіл бөлуді міндеттеу қажет деген лоббистік мүдделерін өткізе отырып, «ақырындап» мемелекеттің басқару жүйесіндегі бұрыннан қалыптасқан бағытты бұзуға, оны қайта қарауға, тіптен «Ата Заңды» өзгертуге мәжбүрлеуде.

Осы жерде атап көрсететінім - мемлекетіміздің «Конституциясы» мен «Қоғамдық бірлестіктер Заңында» болмаса да, бПрезидентіміздің бастамасымен құрылған «Қазақстан Халықтары Ассамблеясы» осы уақытқа шейін «Заңнан тыс» жұмыс жасап келген бірлестікке айналып отыр. Мұндай ұйым тек қана федеративті мемлекеттерге тән құрылым екенін кезінде айтпаған заңгер, зиялы қалмаған шығар (биліктің бірер қазақ лауазымды адамдары өткізді). Бірақ мұны ескерген ешкім болмады. Бүгінгі қазақстандық биліктің «Ассамблея мүшелерінен» көп ұлтты сенат, парламент жасақтау қадамдары бара-бара уақыты келгенде ұлттық фракциялар мен ұлттар палатасының құрылуына алып келуі әбден мүмкін. Бұл жаңа қоғам құру жолына түскен Қазақстанның реформа жүргізудегі жіберіп отырған үлкен саяси қателігі. Ұсақ ұлттардың мәртебесін айқындау жолымен негізгі ұлттың арасына шек қою, болашақта «мәдени-ұлттық автономиялық» құрылымдардың негізіне де айналуы мүмкін. Біз соңғы кездегі алыс-жақын шетелдерге шекарамызды ашып тастап, жаҺандану процесімен бетпе-бет келгенімізді де қатты ескеруіміз керек. Енді бірнеше жылдардан кейін сырттан келушілер есебінен қазақстандық диаспоралардың саны бұдан да жедел өсіп, басқа да жаңа ұлыстар (мәселен: қытай, үндіс, түрік, пәкістан т.б.) есебінен және көбейеді. Қазақстан халқының таяу болашақта жаңа шетелдіктердің есебінен күрт өсуі мүмкін екенін әлемдік сарапшылар да болжап айтуда. Сөйтіп, бұған дейін Қазақ жеріндегі көпұлттылық тоталитарлық режимнің саяси жазалау шараларының нәтижесінде қалыптасқан болса, «қазіргі көпұлттылық» барлығын да белден басқан, жемқорлық жайлаған әкімшілік жүйенің қолымен іске осылай асырылғалы тұр.

Кеңестік дәуірде 70 жыл бойы Қазақ Республикасы болып келген мемлекет атауы, бір-ақ күнде Қазақстан Республикасы болып өзгеріп, географиялық мәнге ие болуының өзі сол кездерден басталған азаматтық мемлекет құруға басталған қадам сияқты көрінеді маған. Әркезде де қоғамның құрылу сатысында кеткен қателіктер ұлттардың жіктелуіне, сол жердегі ұлттар қозғалысының бұқаралық бола бастауына әкеліп отырған. Басталған идея бірте-бірте бұқаралық сипатқа ие болғанда мұның соңы ұлттардың қоғамдық-саяси бірлестіктерге бірігуіне, саяси ағымдар аясында бас көтеруіне әкеледі. Ондайлар бірте-бірте өз мүдделері жолында біртіндеп баспасөз арқылы қолдаушыларын іздеп, халықтың барлық таптарын мемлекеттік істерге араласуға, Конституциялық құрылымды өзгерттіруге, саясатқа тарта бастайды.

Мәселен, казактар ағымының негізгі мақсаты: казак-орыстардың ұлттық, мәдени ерекшеліктеріне сай шаруашылықтарды біріктіріп, ірілендіру; оның табиғи ресурстарына ие болу; жер нарығы құқықтық қатынастарын қалыптастыру арқылы шаруашылық жүргізу нысандары - аумақтық әкімшілік басқару органдарын құру, шашырай орналасқан «казак ұлтының» этникалық және географиялық аумағын иелігіне жинастыру, өзін-өзі билеу туралы талаптарын заңдастыру жолымен өздерін саяси қатынастардың бірегей субъектісі ретінде таныту болғаны белгілі. Олар қазірде осы талаптарын қоюдан танбай келеді. Егерде билік тармақтарынан ұсақ ұлт өкілдеріне квота арқылы орын берілетін болса, ондайлардың «Халықтар Ассамблеясы» аясында «этнос», «ұлт» ретінде ел билігіне өтулеріне мүмкіндік ашылады. Осы жерде «Қазақстан көп ұлтты мемлекет» дегенді негіз етіп алған диаспора өкілдері (орыс казактары, кейбір басқа да ұлт өкілдері), мемлекеттік тіл біреу емес бірнешеу деп орыс тілін қосақтауын әлі қояр емес. Біз бүгін казактарды этнос-ұлт ретінде мойындай отырып, қанындағы отаршылдық ниеттерін қайта жаңғыртуына, Ұлы Орыс шовинизм идеяларының тиылмауына да саяси платформаны өзіміз жасап беріп келеміз. Әлі күнге дейін Молдовода «біз диаспора емеспіз, ұлтпыз» - деп, «Днестр бойы республикасын» құрып, партияға, депутаттық фракцияларға, қоғамдық бірлестіктерге бірігіп отырған казактардың ісі бізге неге сабақ болмайды?..

Демократиялық, зайырлық сипатынан айырылған бүгінгі қазақстандық жабайы буржуазиялық қоғамда мәртебесі заңмен айқындалған халықтың жеке таптарының буржуазасы меншігін кеңейтуге кіріседі. Меншігін бара-бара бұқаралық ету үшін бірінші орынға әрдайым өздерінің ұлттық талаптарын қоя бастайды және басқаларды оны қолдауға шақырады. Өздеріне қолайлы жағдай туғыздыру үшін олар мұнысын «халықтар арасындағы тең құқықтықты сақтау қажет» - деген желеумен жүргізеді. Ал, мұның соңы уақыты келгенде сол ұлттың бөлінуімен аяқтала ма, әлде негізгі ұлтпен тең жағдайда қалуымен аяқтала ма - бұған теория жүзінде күн ілгері ешкім кепілдік бере алмайды. Бірақ, және бір 30-40 жылдан кейін осы айтылған кішкене әңгімелердің төңірегінде үлкен айтыстар туындауы әбден мүмкін. Әрине, ұлттар бар жерде ұлтаралық қатынас бар. Дамыған демократиялық, әлеуетттік жария қоғамның өзінде ұлт мәселесі қоғам дамуының өз заңдылықтары бойынша ретке келтіріліп отырады. Бірақ, біздегі ұлттар арасындағы татулықты, сыйластықты бүгінгі Қазақстандық қоғам орната алады дегенге мен сенбеймін. Халық меншігінің өз қолында 13%-ы ғана қалыпты деп жүр экономистер. Кешегі заңмен алған меншігімізден, тұрғызған үйімізден бүгін бір-ақ күнде айырылып жатырмыз. Айналаны иесіздік жайлап, қазақтан шынайы қожайындық қасиет кеткендей күйдеміз. Біз қазір мемлекеттік нарық тудырған дағдарыс кезеңінде тұрмыз. Мұндай жағдайда халықтарды қаншама жақындастырамыз десе де, жабық жағдайда жұмыс жасауға дағдыланған көлеңкелі топтар, әлеуметтік қанауды тереңдетіп (кедейшілік пен байлардың арасындағы табыс айырмашылығы бірі бірінен алшақтап барады), бәрібір ұлт мәселесін ушықтыра береді. Соңғы кездегі ұлтаралық қақтығыстар да мемлекеттің өзі тудырған әлеуметтік теңсіздіктен туындап жатқан көріністер. Татулық, халықтар арасындағы достық тек қана таптық езусіз, жемқорлықсыз, шынайы демократиялық жолмен әлеуметтік жайларға бет бұрғанда, «халықтық өзін өзі басқару жүйесіне» көшкенде ғана іске асады. Қазіргідей рухани дүниеміз жалаңаштанып, сыбайластық өршіп, жемқорлық жайлаған әкімшілік жүйенің атқарушылық және бақылаушылық қызметі сақталып тұрғанда, ұлтқа бөлінуді біздегідей заңдастыруға болмайды. Бұл өте қауіпті бағыт.

Тіптен, кешегі Кеңес Үкіметінің 70 жылдан соң нарықтық жағдайға әкеледі деп, «қайта құрудан» бастаған аймақтық-шаруашылық есепке көшу идеясын ұсақ ұлттардың өз тәуелсіздіктері үшін негіз еткенін неге ұмытамыз. Кейбір «ұлттық республикалардың мәртебесін нығайту» және «автономиясы, республикасы жоқ ұлттар мен ұлыстардың емін-еркін дамуын қамтамасыз ету мәселелері» ушыға келе Кеңес империясының күйреуіне әкелді. Бұрынғы Югославияның ыдырауына да ұсақ ұлттардың бас көтерулері себебші болды. Бұған, соңғы ширек ғасырда қоныстанып, уақыт өте келе тұрғылықты халықтың сол аймақтағы саны жағынан көп жігіне айналған «Албан диаспорасының» Сербия территориясының бір бөлігі болып келген Косовоны иемденіп, ақыры бөліп әкеткені бізге тағы сабақ болу керек. Кипр аралының да түріктік, италяндық болып екіге жарылып отырғанын тағы қосыңыз.

Бірлігіміз бен достығымыздың баяндылығы барлығымызға бірдей қатысты нәрсе. Біз қазақстандық диаспора өкілдерінің білім алуына, сайлуаға түсуіне, сайлануына, әділ сайлау жолымен мемлекеттің билік тетіктеріне өтуіне, тілін дамытуына, дәстүрін ұстанып, тарихын білуіне, достықта, бірлікте болуына, тең құқылығына «ЗАҢМЕН» еркіндік береміз, беріп те отырмыз. Мемлекетіміздің жетекші ұлты ретінде олардың алдындағы жауапкершілігімізді де сезінеміз. Этностар да қазақ ұлтының оларға заң аясында беріп отырған «КЕПІЛДІГН» сезінулері керек. Ендеше, биліктің заңнан тыс бұйрық әдіспен, жарлықпен, оларға квота беру арқылы ұлттық фракцияларға бөлінуіне, ұлттық бірлестіктерге айналуына, билік тетіктеріне өтуіне, сайланбай тағайындау жолымен парламентке өтуіне, диаспоралардың мәселесін мемлекеттік деңгейге дейін көтеру мәртебесімен келісуге болмайды. Сайлаудан тыс, тағайындау жолымен «Парламентті, мемлекетті қолдан көп ұлтты ету» саяси қателік. Бұл қадам асқына келе бір күні диаспоралар тарапынан Конституцияға да өзгеріс қажет дегізуі мүмкін. Соңғы кезде осыны желеу еткен Қазақтың ұлттық мемлекетін «қазақстандық» қылуға ұмтылған күштер қайта бас көтеріп келе жатыр. Әлеуметтік мүдделердің тартысынан туындаған ұлттық қимыл-әрекеттер, бірегей ұлы мемелекет атанған КСРО-ның өзін құлатып тынды. Біз осыны сабақ ете білуіміз керек.

Бүгінде Қазақстан Республикасы өз буржуасы бар капиталистік даму жолына түсті. Қалыптасқан нарықтық қатынас, жеке меншіктің, әсіресе тұтас бір аймақты алып жатқан «жердің» меншік көзі ретінде көп мөлшерде халықтың жеке таптарының қолына өтуі де, диаспора өкілдерінің негізгі ұлттан еркін және кең түрде жіктелуінің аса маңызды шарттарының бірі болып табылады. Біз осының барлығы достыққа, бірлікке қызмет ететін басты факторлардың бірі деп қаншама үлкен сөздермен бүркемелесек те бұл қоғамда жақындасу емес, керісінше жіктелуіне, ұлт қозғалыстарының оянуына әкелетін басты тенденциялардың бірі екенін де ұмытпағанымыз жөн. Экономикасы дамыған батыс европа елдері диаспора өкілдерінің бұра тартуына мүмкіндік бермейтіндей өздеріне тән ұлттық мемлекет жолын ғана ұстанып келеді. Себебі, Франциядағы, Испаниядағы, Англиядағы, Австриядағы, Скандинавия мемлекеттері мен қала берді өзімізге рухани жақын барлық Азия елдеріндегі көпұлттылық тек қана мемлекетті құраушы «жетекші ұлттың» мүддесі тұрғысынан, соның жүйесімен құрылған.

Біздің бар кемшілік - билік тарапынан осы бағытта халықпен түсінік жұмыстарының мүлдем жүргізілмейтіндігінде. Түсіндіре білсе өзге жұрт та «ұлттық мемлекет» қана мұратқа жеткізетініне көздері жетеді. Бүгінде барлық әлемдік мемлекеттердің көпшілігі ұлттық мемлекет құру жолына түскен. Бұрынғы көрші кеңес республикаларындағы осы ұстанымды көре тұрып, біздегі бұратартушылыққа түсінбейсің. Ұлттық мемлекет құру -әлемдік жүйе қабылдаған тенденция. Ал, бұл тенденцияға қарсы тұру - үлкен ауытқушылық. Егерде қазақ халқы өз жерінде «жетекші ұлт» ретінде экономикалық және саяси билігі қолында «ұлттық мемлекет» құра алмайтын болса, онда мына жаһандану заманында қазақ мемлекеттігінің АҚШ-тың жолын құшатынына куә боламыз.

Ақтөбе қаласы

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1464
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3231
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5340