Бейсенбі, 10 Қыркүйек 2026
3625 1 пікір 13 Тамыз, 2021 сағат 12:53

Түркияда су тасқынынан 17 адам қаза тапты

Түркияда өоман өрттерінен кейін алапат су тасқыны келуде. Қара теңіз жағалауындағы провинцияларда су тасқыны салдарынан 17 адам қаза тапты. 

Кастамону провинциясында су тасқынынан 15 адам, Синопта екі адам қаза болған. Апаттар мен төтенше жағдайларды жою басқармасы (AFAD) зардап шеккен аудандардан тікұшақтар мен қайықтар арқылы 1400-ден аса адам эвакуацияланғанын және 740-қа жуық адам студенттік жатақханаларға орналастырылғанын хабарлады.

Су тасқыны салдарынан энергетикалық инфрақұрылым бұзылған, нәтижесінде 330-ға жуық ауыл электр жарығынсыз қалды. AFAD мәліметтері бойынша, бес көпір қирап, жолдардың жабылуына әкелген. Ел президенті Режеп Тайып Ердоған су тасқынынан зардап шеккендерге көңіл айтты.

Abai.kz

 

1 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1047
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2592
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 731
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 690