Сенбі, 19 Сәуір 2025
3470 4 пікір 16 Тамыз, 2021 сағат 11:41

Талибан: Ауғанстандағы соғыс аяқталды

"Талибан" Ауғанстандағы соғыс аяқталды деп жариялады. Бұл туралы "Талибан" қозғалысының саяси кеңсесінің ресми өкілі Мохаммад Наим мәлімдеді.

Мохаммад Наим Al Jazeera телеарнасына берген сұхбатында жаңа Ауғанстан үкіметінің басқару формасы жақын арада белгілі болатынын айтты.

"Алла қолдап, елдегі соғыс аяқталды. Біз ұмтылған нәрсеге қол жеткіздік, атап айтқанда, еліміздің бостандығы мен халқымыздың тәуелсіздігі. Біз ешкімге өз жерімізді пайдаланып, ешкімге шабуыл жасауға рұқсат бермейміз және басқаларға зиян келтіргіміз келмейді", - деді ол.

Кеше Ауғанстанды тәлібтер толық басып алып, ел билігі содырлардың қолына өткен еді.

Abai.kz

4 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Қайраулы қара семсер

Есболат Айдабосын 2043
Анық-қанығы

Еуропаға Ресей аумағынсыз шығу жолы

Асхат Қасенғали 4901
46 - сөз

Бізге беймәлім Барақ хан

Жамбыл Артықбаев 4102