Аш жолбарыс соңында өзімен тең күштіге жолығады
Уругвай президенті Хосе Мухика БҰҰ Бас Ассамблеясының мінберінен 2012 жылы төмендегі сөзді айтыпты.
- Екі жылдың ішінде Қытай 4,9 гигатонна цемент өндірді. Бұл сан ХХ ғасыр бойында АҚШ өндірген цементтен де неше есе көп цемент өндіргенін көрсетеді.
- Қытайда жолдың ұзындығы - 4 миллион км. Цифрдің соңында нөлдердің осыншама көп болуы дамудың ең жоғары сатысы деген сөз.
- Ел бойынша 300 мың көпір, ұзындығы 1000 км -ден асады. Сондай -ақ, 2016 жылдан бастап Гонконгтан Макао мен Қазақстанға қарай алып көпір салына бастаған. Біз жылдамдық жолымен бүкіл әлемді айналып өтетін боламыз.
- Автокөлік парктеріне жылына 20 миллион машина қосылады, сіз Пекинде де көлік айдап жүре аласыз.
- Жыл сайын 100 әуежай салынады. Жүздеген әуежайлар. Сіз әрбір ұшқан сайын әуежайда жыл сайын тағы 99 әуежай қосылатынын білетін боласыз.
- Алып жол құрылымдары, ұзындығы 150 км. Алып көпірлер құрылымы. Біздің ежелгі әйгілі көпір жолдарының сұлбасын ғана көрген едік. Енді сол алыптардан тыс, 28 км-ге дейін созылған жерасты туннелдері болады.
- Гуанжоудан Гуйянға баратын пойыз 510 көпір мен 236 туннель арқылы сағатына 250 км жылдамдықпен өтеді.
- 30 жыл ішінде қытайлықтар Қытай империясының өмір сүру кеңістігін 8 есеге ұлғайтты!
Әлемнің кез келген жерінен Қытайға еркін кіре аласың.
- Қытайда 10 жылдан кейін 220 қалада бір миллионнан астам халық болады. Бұл қалаларда 10 жыл мерзімде қанша өмір жалғасын табады?
- Бұл статистиканың барлығы бір орынды сандарға тәуелді.
2000 жылдан бері Қытай 10 мың адамды өлім жазасына кесті. Олардың қатарында жемқор шенеуніктер, қылмыскерлер, есірткі сатушылар және басқа да шенеуніктер бар.
Даму тездеген сайын табиғат анамыз кек қайтаруда.
Көпір құрылыстары тереңдегі тектоникалық қозғалыстарды зақымдады, жер асты суларының арналары бұзылып, жыл сайын жер сілкінісі, табиғи апаттары, цунами және орман өрттері өршуде.
Аш жолбарыс ең нашарларын ұстап жей келе, соңында өзімен теңдес күштіге жолығады.
Бізбен іргелес отырған ұлы держава осыншалықты жасампаз дүниелер жасап берейік деп бізді де еркелетіп қояды...
«Адамзат гүлдену үшін емес, бақытты өмір сүру үшін бұл Әлемге келді емес пе...».
Амантай Тойшыбайұлы
Abai.kz