Сенбі, 23 Қараша 2024
46 - сөз 4694 13 пікір 20 Тамыз, 2021 сағат 17:17

Ауғанстанды Кеңес те, АҚШ-та өзгерте алмады

Ахмад Масуд тәліптермен күресемін деді. Батыстан көмек сұрады. Тәліптер де оңай шағылар жаңғақ емес. Саясатты да меңгеріп, 2000 жылдардағы жеңілісінен қорытынды шығарыпты. Кейбір заманауи батамалары да бар. Ешкімге тимейміз, Ауғанстаннан басқа жер керек емес депті. Сыртқы күштердің әсерінен, ішкі мәселесіне араласуынан сескенеді.

Осы жағдайда Орта Азияға тәліптердің тым қатты күшейгені де қажет емес. Уақыт өте орнығып алғаннан кейін сыртқа көз аларта бастайтыны анық. Ахмад Масудпен жылдап, өзара соғыса бергені де жақсы ғой дегің-ақ келеді. Сыртқа қарауға шамасы да болмай жататын жағдай жасауға болады. Бірақ гуманизм тұрғысынан алсаң қырылатын қарапайым халық. Меніңше ешқандай ірі держава Ауғанстаннан заманауи мемлекет жасаймыз деген иллюзияға енді сенбейтін шығар. Бұл елді жаулап алу 10 жыл бойы Кеңес империясының, өркениетке өзгерту 20 жылда әлемнің бірінші экономикасы болған АҚШ-тың да қолынан келмеді.

Геосаяси ойында Ауғанстанды ықпал ету аймағына айналдырудың жаңа тетіктерін іздеп, пайдалануға тырысады. Кім қалай пайдаланады?.. Үлкен сұрақ. Алдағы бір жылда әр елдің аймақта жасаған геосаяси жүрістерінен жалпы картина белгілі болуы тиіс.

Бауыржан Серікбаев

Abai.kz

13 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1466
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3240
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5383