Сенбі, 23 Қараша 2024
10704 43 пікір 21 Тамыз, 2021 сағат 22:09

Қазақстанның үшінші президенті кім болмақ?

"Қазақстанның үшінші президенті кім болмақ" деген сұрақ ел ішінде жиі айтылатын болды. Оған негіз де жоқ емес. 2024 жылы президенттік сайлау өтеді, ал елдегі пандемиялық және экономикалық жағдайға қарап, сайлаудың мерзімінен бұрын өтуі мүмкін деген нұсқаны да естен шығаруға болмас.  Өйткені бұған дейінгі көптеген президент және Парламент сайлауы мерзімінен бұрын өткені белгілі. 

Биыл президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың билікте отырғанына екі жылдан асты. Тоқаев кезеңі біршама қиындықтармен тап келуде. Атап айтқанда коронавирус эпидемиясы, коронадағдарыстың экономика, сауда қатынасына кері әсері, аймақтағы геосаяси шиеленістердің артуы және басқалар. Екі жылдың ішінде әлемдік державалардың да қақтығысы артып, қырғи-қабақтық күшейді. Қытай, Ресей, АҚШ арасындағы текетірес жаңа қарқынға көшті. Ал сыртқы саясатта көпвекторлық ұстанамыз деген Қазақстан билігі үшін баланс ұстау қиынға соғуда.

Президент Тоқаев 68 жасқа толғанда қоғам белсендісі Гүлжан Ерғалиева елдегі сайлау мерзімінен бұрын өтеді және онда президент Тоқаев екінші мерзімге түспеуі мүмкін деген ой білдірген еді.

Ал президентке үміткер болған Төлеутай Рақымбеков болса президент сайлауы 2023 жылы өтуі мүмкін деген жазба қалдырғаны есімізде. Бұл тақырып саясаттанушылар мен телеграм арналарда жиі талқыланып келеді.

Нет описания.

Мысалы 19-тамызда 52 мың оқырманы бар "Yedilov Online" телеграм арнасы "Сіз қалай ойлайсыз, Қазақстанның келесі президенті кім болады?" деген сауалнама жариялады. 10900 адам келесі жауаптарды белгілепті: 13% Самат Әбіш, 3% Мәулен Әшімбаев, 5% Бауыржан Байбек, 7% Әсет Исекешев, 5% Дариға Назарбаева, 8% Нұрлан Нигматулин, 2% Әлихан Смаилов ,18 Иманғали Тасмағамбетов, 29% Қасым-Жомарт Тоқаев, 10% "өзге адам" нұсқаларын таңдаған екен.

Құрметті оқырман, президент сайлауы қашан болыд және кім сайлануы мүмкін деп ойлайсыз? Пікір білдіріңіз.

Abai.kz

 

43 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3238
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5377