Сенбі, 23 Қараша 2024
3316 12 пікір 23 Тамыз, 2021 сағат 12:42

Қазақ тілін меңгерген АҚШ-тың жаңа консулы келді

Алматыдағы АҚШ Бас консулдығы Америка Құрама Штаттарының Алматыдағы бас консулы Кэролайн Сэвидж ханымның келгенін хабарлады. Бас консул Сэвидждің консулдық аймағына Алматы және Шымкент қалалары, сондай-ақ Алматы, Қызылорда, Түркістан және Жамбыл облыстары кіреді. Бұл туралы baq.kzке сілтеме жасап Abai.kz хабарлайды. 

"Бас консул қызметіне кірісу үшін бұл ерекше уақыт, себебі биыл Қазақстанның тәуелсіздігіне отыз жыл толғалы отыр, әрі екі ел болып АҚШ пен Қазақстан дипломатиялық қатынасының отыз жылдығын атап өтудеміз. Әлі де қарқыны басылмаған пандемия да осы осы күні ерекше назарда және екі еліміздің COVID-19 індетіне қарсы бірлескен күресі АҚШ Миссиясының басымдылығы болып қала береді", - деді Сэвидж.

Бас консул Сэвидж - қазақ тілін Қазақстанға келер алдында оқып-үйренген алғашқы бас консул.

"Осы қызметіме дайындалу кезінде қазақ тілін аса қызығушылықпен оқыдым. Қазақ тілін ендігәрі Қазақстан халқымен байланысымызды тереңдетіп, екіжақты ынтымақтастықты нығайту үшін қолдануға асықпын", - деп атап өтті бас консул Сэвидж.

Abai.kz

 

12 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3236
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5377