Әли Секел. Мәсімов Алматыға әкім болып, Есімов үкімет басына бара ма?..
Жақын күндері жоғарғы жақта ойыншылардың орнын ауыстыру үрдісі жүретінге ұқсайды. Қазақстан дейтін команданың бапкерімен оның нөкерлері соңғы уақытта елде ешқандай «қызықты» саяси ауыс-түйістер болмаған соң, халыққа айтып жүретін әңгіме жасамақ көрінеді. Сонымен Президент әкімшілігінен бастасақ, жетекші Аслан Мусин бас қаланың мэрі болып орын ауыстыруы мүмкін дейді қолдағы тастар. Астана жаңа әкімін қабылдап жатқан кезде Оңтүстік Астана қол қусырып отырмайды екен. Өзінің жаңа әкімі қылып, Кәрім Мәсімовті қабылдайды екен. Креслосын К.Мәсімовке босатқан Ахметжан Есімов қарап қалмай, көкесінің жанына барып, босап қалған Кәрім Қажымұқанұлының орнына жайғасуы мүмкін дейді-міс. Мусиннің орнына Қайрат Мәми келіп жатса таң қалуға болмас. И.Тасмағамбетов бұрындары отырып кеткен Мемлекеттік хатшы қызметіне қайта кіріссе, М.Құл-Мұхаммед Шығыс Қазақстанға әкім не премьер-министрге идеология жөнінен орынбасар болуы мүмкін деген болжам бар. Сонымен қатар, мүлде күтпеген жаңа есімдер таныстырылып, А.Есімов үкіметті басқарып жатса, жас министрлер тобы салтанат құруы мүмкін екен. Өткен жолы әкімдік орындарын сақтап қалған аймақ басшыларының бәрі дерлік кресло ауыртырып жатса, таң қалмауымыз керек. Б.Сапарбаев іс-басқарушы болып, С.Үмбетов Республикадағы екінші адам бола тұруы да ғажап емеске ұқсайды.

Бұлардың бәрі болмақ ғана, әлгінде аттары аталған ағаларымыз айтылған орыннан табылмай қалса, бізге реніш туындамауын сұраймыз. Егер нақты кімнің қай орынға баратынын білгілеріңіз келсе, Астанаға барып, (....) сұраңыздар.
«Маса-ақпарат»