Досым Сәтпаев: "Арқанкерген" бойынша билікке қай нұсқа тиімді?!
«Арқанкерген» шекара бекетіндегі адамдардың өлімі ‑ қауіпсіздігіміздің мығым еместігінің кезекті дәлелі. Бұл туралы халықаралық қауіп-қатерді бағалау тобының директоры, саясаттанушы Досым Сәтпаев айтты.
- Шекара бекетіндегі он бес адамның қазасынан кейін қандай ой түюге болады?
- Бұл оқыс оқиғаның себебін қарастырмаған күннің өзінде бір тұжырым жасауға болады: барлық дерлік құқық қорғау құрылымдары өте күрделі реформаға зәру. Өкінішке орай, соңғы жиырма жылда құқық қорғау саласында әр түрлі шатақ оқиғаларға күә болып келеміз. Мәселен, Қазақстан әскерінде жемқорлыққа қатысты, тіпті қару-жарақпен байланысты жағдайлар талай орын алған. Құқық қорғау құрылымдарының өз арасында қанша жанжал болды?! Осының барлығы еліміздің қауіпсіздік саласының мығым еместігін көрсетіп отыр. Ал шекара бекетіндегі жағдай - тек соның бір дәлелі ғана.
‑ Саясаттанушы Болат Сұлтанов керісінше шекарадағы жағдай құқық қорғау орындарының қызметіне көлеңке түсіру мақсатында жасалынуы мүмкін депті ғой?
- Болат Сұлтанов кезекті мәрте қателісіп отыр. Өйткені ешкім құқық қорғау орындарының беделін түсіріп отырған жоқ, олар өз-өздерін абыройдан айырды. Оны Жаңаөзендегі оқиғалар жақсы көрсетіп берді емес пе?!

- Енді осы оқиғалардың барлығы қалай аяқталуы мүмкін? Себебі интернеттегі елдің пікірін қарап отырсақ, көпшілігі «енді бар кінәні тірі қалған 15-ші шекарашыға аудара салмай ма? Ақиқат ашылмай қалмай ма?» деп қауіптенеді...
- Шекара қызметі - Қазақстанның қарулы күштеріндегі айтарлықтай жабық элемент. Себебі оларды Ұлттық қауіпсіздік комитеті қадағалайды. Әлбетте, бұл іске қатысты ақпарат толықтай шықпайды. Қоғам ешқашан, жақын уақытта, шын мәнісінде не болғандығы туралы толық ақпарат ала алмайды. Ресми түрде жарияланатын ақпарат мемлекет тарапынан біреу болады.
Сұхбаттың толық нұсқасын - www.arasha.kz - http://arasha.kz/post/852 cайтынан оқи аласыздар.