Сенбі, 23 Қараша 2024
Билік 1990 0 пікір 2 Шілде, 2021 сағат 23:09

Рухани жаңғыру: Жас ұрпақты тарихпен таныстыруда

«Рухани жаңғыру» бағдарламасының басты мақсаты жас ұрпақты өткен шағымен таныстырып, тарихы мен танымына үңілуге шақыру болып табылады. Өйткені біз КСРО кезеңінде және оған дейінгі отарлық уақытта өз тарихымыздың терең сырларын, жәдігерлері мен мұраларын жоғалтып алдық, тіпті мәдени тұрғыдан талай салт пен дәстүр, ділдік құндылықтар мен тілімізді дамыту мәселесі аса өткір тұр. Міне, «Рухани жаңғыру» соның аясында талай жұмысты жемісті атқарып келеді. Бағдарлама аясында тілді дамыту және қайта түлетіп, әлемдің бәсекеге қабілетті тілдер қатарына қосу үшін біршама жұмыстар атқарылуда. Соның бірі мемлекеттік тілімізді латын әліпбиіне ауыстыру болса, екіншісі әлемдік үздік әдеби туындыларды қазақ тіліне тәржімалау болып табылады. Тарихты жаңғырту бойынша да талай іс атқарылуда. Мысалы «Сакралды Қазақстан» жобасы. Жоба аясында талай тарихи орындар мен нысандар жөнделіп, өзінің келбетін алып, бастапқы реңкіне ие болды. Тарихи орындарға баратын жолдар салынып, олардың арнайы карталары жасалуда. Тарихты археологиялық негізде зерттеу де тоқтаған емес. Зерттеу жұмыстарына оқушыларды тарту да кеңінен іске асып жатыр. Оның маңызы зор. Жас ұрпақ тарихқа деген қызығушылығын тарихи процесстерге кеңінен араласу арқылы ғана түсіне алады. Сондай істің бірі Көкшетау аймағында болды.

Красный Яр-I энеолиттік қонысы аумағында облыстың төрт ауданынан 60 оқушының қатысуымен қазба жұмыстары жүргізілуде. Мақсаты - жас ұрпақты патриоттыққа тәрбиелеу, отансүйгіштік қасиеттерін ұлғайтып, тарихқа қызығушылықтарын арттыру. Тарихи маңызы бар жобаға 1 маусымнан бастап Зеренді, Жақсы, Атбасар және Жарқайың аудандарының оқушыларының қатысуымен қазба жұмыстары жүргізілді. Оқушылар тарихшылармен бірлесе отырып «Рухани Жаңғыру» бағдарламасының «Тарих мұрасы» кіші жобасын жүзеге асыруда. Экспедиция 29 шілдеге дейін энеолит Красный Яр-I қонысы аумағында жалғасты. Қазба жұмыстары «Красный Яр қонысында Ботай мәдениетінің археологиялық зерттеулері» ғылыми жобасында жүргізілген болатын.

Археологиялық қазба жұмыстарының мақсаты - жас ұрпақты патриотизмге тәрбиелеу. Сонымен қатар тарих, мәдениет және археология ескерткіштеріне құрметпен қарауды қалыптастыру.

«Археологиялық экспедиция бір айдан астам уақыт бойы жүріп жатыр. Қазба жұмыстары кезінде көптеген найзаның ұштары, тас құралдар, қырғыштар мен балталар табылды», - делінген министрліктің хабарламасында. Оқушылар мұндай қазба жұмыстарына қатысқандарына аса қуанышты екендерін жасырмайды. Олар бұл жұмыстың әсері өз болашақтарына әсер ететінін де, тіпті кейбірі тарихшы, археолог болғысы келетінін де жасырмапты. Осының барлығы әрине «Рухани жаңғырудың» арқасында екенін ұмытпауға тиіспіз.

Abai.kz

 

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3238
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5377