Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2180 0 пікір 11 Маусым, 2012 сағат 06:50

Адильбек кете алмады. Кете алмаса, талап етейік!

Еліміздің қорғаныс министрі Адильбек (бұл жігіт өз есімін Әділбек дей алмайды) Джаксыбеков (Жақсыбек деген атасының атының алдына «Д» әріпін қойып дірілдеп тұратыны және бар) «Мегаполис» газетіне сұхбат беріпті. Қазақстан Республикасының қорғаныс министрі Алматы облысы Алакөл ауданындағы «Арқанкерген» шекара бекетінде болған шетін оқиға турасында баян еткен шығар деп газетті «бас салғанбыз». Сұхбатты тез шолып шыққан соң  аңырып қалдық. Министіріміз қалың елдің қабырғасын қайыстырған қанды оқиға жөнінде ләм-мим деп жақ ашпапты. Әлде қолымызға ескі саны түсіп қалды ма деп газетке қайта үңілгенбіз. Жоқ, су жаңа. Бірақ тақырыбы: Адильбек ДЖАКСЫБЕКОВ: «Мы готовимся к возникновению серьёзных ситуаций...» дейді. Ситуацияның көкесі «Арқанкергенде» болып қойды. Ал, министріміз тосын жайттерге сақадай сай дайындығымыздың қашанда қажеттігін айтып есінеееп отыр. Әйтсе де үміт етіп сұхбатты тағы бір айналдырдық. Құрғақ сөз. «Мегаполистегі» әріптесімізге бұрынғы киномеханик, одан кейін басына бақ қонған кәсіпкер, кәсіпкерден Астана қаласының әкімі шығып, Ресейде елшілік қызмет атқарған, ақырында әскери атақ-дәрежесіз қорғаныс министрлігін қолға алған Джаксыбековмыз құрғақ сөзден жақсылап тұрып қуырдақ қуырып беріпті. Бар айтқаны баспана одан соң өлі не тірі екені белгісіз Алматыдағы Киров атындағы әскери зауыт жайынан өрбиді.

Еліміздің қорғаныс министрі Адильбек (бұл жігіт өз есімін Әділбек дей алмайды) Джаксыбеков (Жақсыбек деген атасының атының алдына «Д» әріпін қойып дірілдеп тұратыны және бар) «Мегаполис» газетіне сұхбат беріпті. Қазақстан Республикасының қорғаныс министрі Алматы облысы Алакөл ауданындағы «Арқанкерген» шекара бекетінде болған шетін оқиға турасында баян еткен шығар деп газетті «бас салғанбыз». Сұхбатты тез шолып шыққан соң  аңырып қалдық. Министіріміз қалың елдің қабырғасын қайыстырған қанды оқиға жөнінде ләм-мим деп жақ ашпапты. Әлде қолымызға ескі саны түсіп қалды ма деп газетке қайта үңілгенбіз. Жоқ, су жаңа. Бірақ тақырыбы: Адильбек ДЖАКСЫБЕКОВ: «Мы готовимся к возникновению серьёзных ситуаций...» дейді. Ситуацияның көкесі «Арқанкергенде» болып қойды. Ал, министріміз тосын жайттерге сақадай сай дайындығымыздың қашанда қажеттігін айтып есінеееп отыр. Әйтсе де үміт етіп сұхбатты тағы бір айналдырдық. Құрғақ сөз. «Мегаполистегі» әріптесімізге бұрынғы киномеханик, одан кейін басына бақ қонған кәсіпкер, кәсіпкерден Астана қаласының әкімі шығып, Ресейде елшілік қызмет атқарған, ақырында әскери атақ-дәрежесіз қорғаныс министрлігін қолға алған Джаксыбековмыз құрғақ сөзден жақсылап тұрып қуырдақ қуырып беріпті. Бар айтқаны баспана одан соң өлі не тірі екені белгісіз Алматыдағы Киров атындағы әскери зауыт жайынан өрбиді. Құдды қазақ әскері кемеліне келіп, қуаты қабындап, әлеуметтік мәселесі түгелімен шешіліп енді бір ұсақ-түйек, жіп пен шуданың әңгімесі қалғандай шалқаяды. Әй, құрсыншы... Ақорданың дәлізінде «Жаксы» деген жанама атпен танылған «жақсы» жігіттің сұхбатсымағын шиырлай бермей ат басын осы арадан іркелік. Дұрысы, біз қазір Джаксыбековтың сұхбатында қорғаныс саласының қордалы мәселелерін ашық айтқанын емес, отставкасын талап етуге тиіспіз. Оның өзі де «Арқанкерген» оқиғасынан кейін оқшантайын Елбасының алдына тастап, еркекше қызметінен кетуі керек еді.  Кете алмады. Кете алмаса, талап етейік.

«Абай-ақпарат»

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1470
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3245
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5408