Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3712 0 пікір 11 Маусым, 2012 сағат 08:27

Игілік Әймен. Біздің заманақырымыздың геройлары

1. Қаламгерлер

(«1986 - Желтоқсаннан» сәл бұрынғы, бүтін бергі

әдебиет және өнер һәм қоғам қайраткерлерінің

портреттері; немесе достық‑әзіл де)

 

Жұбан МОЛДАҒАЛИЕВ - («Желтоқсанға» байланысты «Жазушылар Одағында» өткен жартыкеш те жетімек жиында Колбиннің сөзіне трибунадан қайтарған жауабы) «- Сіз бен Мен осындай кездесу үшін қару ұстап кешегі күні «Отанды» жаудан қорғадық па?.. Менің ұлтым бәріне шыдады ғой. Ұлттар достығының лабораториясы болған Қазақстанда ұрпағым тілінен айырылды, ұлтым надан аталды. Менің халқым бәріне төзді ғой. Құрбым‑ау, қыздарымды шашынан сүйреп, ұлдарымды итке талатқан 16‑шы желтоқсаннан бір күн бұрын, немесе сонау қанды соғыста өлмегеніме өкініп тұрмын бүгін...»

Деп үйреттің: «мәңгүртсің, бәрің надан», -

Тілден, діннен айырылды елім, далам.

Кеше алаңда сабаған сенің тегің,

Ал таяқты жегендер менің балам.

Ақын жүрек тартуда содан қайғы,

Шыдамаймын айтпауға жарам жайлы.

Кешір мені, замандас, осы жолы,

Жұбан сізбен пікірлес бола алмайды! - «Арда туған, ақиық, алмас қылыш! Нағыз, «Ұлт жолында жан пида!!!»

1. Қаламгерлер

(«1986 - Желтоқсаннан» сәл бұрынғы, бүтін бергі

әдебиет және өнер һәм қоғам қайраткерлерінің

портреттері; немесе достық‑әзіл де)

 

Жұбан МОЛДАҒАЛИЕВ - («Желтоқсанға» байланысты «Жазушылар Одағында» өткен жартыкеш те жетімек жиында Колбиннің сөзіне трибунадан қайтарған жауабы) «- Сіз бен Мен осындай кездесу үшін қару ұстап кешегі күні «Отанды» жаудан қорғадық па?.. Менің ұлтым бәріне шыдады ғой. Ұлттар достығының лабораториясы болған Қазақстанда ұрпағым тілінен айырылды, ұлтым надан аталды. Менің халқым бәріне төзді ғой. Құрбым‑ау, қыздарымды шашынан сүйреп, ұлдарымды итке талатқан 16‑шы желтоқсаннан бір күн бұрын, немесе сонау қанды соғыста өлмегеніме өкініп тұрмын бүгін...»

Деп үйреттің: «мәңгүртсің, бәрің надан», -

Тілден, діннен айырылды елім, далам.

Кеше алаңда сабаған сенің тегің,

Ал таяқты жегендер менің балам.

Ақын жүрек тартуда содан қайғы,

Шыдамаймын айтпауға жарам жайлы.

Кешір мені, замандас, осы жолы,

Жұбан сізбен пікірлес бола алмайды! - «Арда туған, ақиық, алмас қылыш! Нағыз, «Ұлт жолында жан пида!!!»

Мұқағали МАҚАТАЙ - «Бәрі маған жат, жексұрын, жиіркенішті! Кімнің дос, кімнің қас екенін ұғынудан мен баяғыда-ақ қалғанмын. Жоқ! Менің достарым жоқ! Мен тек айналамнан өзіме қарай жылжып келе жатқан сегіз аяқты (Абайдың «Сегіз аяғын» еске түсіріп қойыңыз. «И») сұмдықтарды ғана көрем. Қорғана аламын ба, білмеймін». 21 сентябрь, 1974 жыл» - «Біздерге бұ жалғанның боғын езіп ішкізіп-жегізіп кеткен, жаны жәннат төріндегі өлмес өр тұлға!»

Сафуан ШӘЙМЕРДЕНОВ - «Абзал аталардан қалған әруақты аманат».

Мекемтас МЫРЗАХМЕТОВ - «Жайылымы бөлек кіді жылқы».

Герольд БЕЛЬГЕР - «Соңғы қыр қазағы».

Әлжаппар Ә. - «Желтоқсанда» жастар қырылып, Дінмұхамед Қонаев үй қамақта жатқанда - Колбиннің алдына жеделінен жетіп барып: «Сіздің келуіңізді жиырма бес жыл күттім!» деп ағынан жарылатын ер-көке».

Әбдіжәмил Н. - «Кәрі арыстан: кірген із бар-ақ... шыққан із?..»

Мұзапфар Ә. - «Сен жақсы-мен жақсы... тоқ бала».

Қадыр М. - «Сен жақсы да мен жақсы... тоқ та сақ, тәкаппар да пысық бала; «желтоқсанды» тексеріп‑түгелдеуші хұкіметтік шоң ревизор».

Тұманбай М. - «Бәрі де, бәріміз  де жақсы, - «о кэй!» - елгезек те епті бала; «арнаудан» әлем чемпионы!»

Әбіш К. - «Қожа-молла, - «молланың айтқанын ғана істе...»

Зейнолла Қ. - «Мұқаңның түшкірігінен болған - деген де, болымды‑ақ бала».

Сәбит Д. - «Алаулап жанған махаббат оты».

Шерияздан Е. - «...кекілді бала».

Әзілхан Н. - «Соғыстан (орыс‑герман) кейін студент қыздардың тостағына - одан соң ұлықтардың қолына қарап қалған әлжуаз бала».

Қабдеш Ж. - «Алтайдың арғы астынан ауып келген жасаусыз қыз».

Олжас С. - «Красавчик-казахстанец!..»

Шерхан М. - «Большо‑о‑о‑ой журналист; ыңыранып-толғанған, бірақ-та жауып кете алмаған қаратопан бұлт; немесе тарпаң айғыр да; ал, бүгіндері... «Нұр‑Астананың» шекпенді батагөйі...»

Әкім Т. - «Шөпшек қорыған шүйкедей шая-шал».

Қалихан Ы. - «Жұлдыз» жорнал‑мекемесіндегі аса талантты да келешегі көгілдір предприниматель».

Әбубәкір Қ., Серік Т., Серік А., Несіпбек А., Бауыржан Ж.- «Арпа ішінде бір бидайлар»... қазақы «әттеген-айларымызбен».

Қос Мұхтар - «Қос-қос мүйізді, бірі есті, бірі ессіздеу... ескендір-қошқарлар».

Өтежан Н., Ғаббас Қ., Зейнолла Т. - «Көк бөрілер сарқындары».

Алдан А. - «Жеке жортқан жаралы жолбарыс».

Кәкімбек С. - «Жез киік», - автопортрет».

Оралхан БӨКЕЙ - «Кербұғы», - автопортрет».

Нұрлан МӘУКЕНҰЛЫ - «Өз отына өзі өртеніп кеткен, бүгін‑ертең қайта түлер феникс құсы».

Сайын М., Тұрсынбек К., Оразақын А., Жұма‑Назар С., Мейірхан А., Дидахмет Ә., Рахымжан О., Заһардин Қ. - «Сарыдалада сағымға оранған дәруіштер».

Мереке Қ. - «Тары көжеге тойған - томпиған, Тынымбай Н. - қара су ұрттап алған - тымпиған қарадомалақтар».

ИРАНБЕК - «Бекежан-мырза».

Жүсіпбек Қ. - «Қабан-қара», - «екінші бәйменов»?..

Нұртөре Ж. - «Сұлу-сипыр торы ат», - «үшінші бәйменов»?..

Нұрлан О. - «Барша қызықстандық «калинин-староста».

ШАШТАЙҰЛЫ - «Қазақ әдебиеті» гәзіт‑предприятиясында «әңгіме орнына» деген күлшетай‑жанр ашып алған - асқан новатор‑ғұлама».

Темірхан М. - «Талантты да тәлейлі, тасырқап қалған («қырық жылғы досынан таяқ жеп те қалған») тұлпар».

 

Дүйсенбек Қ. - «Терезелерін тонироваттап тастаған тико».

Талаптан А. - «Айдаладағы аузы-мұрны жоқ отаудың сторожы».

Ғалым ЖАЙЛЫБАЙ - «Аузы‑мұрны жоқ отауды майхана‑казиноға айналдырған епті экспресс‑экспедитор».

Ақұштап Б. - «Аққу‑арман‑қыз».

Марфуға А. - «Сыпайы, күміс сырғалы қыз».

Фариза О. - «Бәрін өзім білем (біліп жарытпаса да) - өктем қыз».

Жүрсін Е. - «Орнын тапқан қыз», - яки, айтыс‑тартыстардың, мүшәйра‑шүшәйралардың аса талантты комбинаторы».

Тұрсын Ж., Бейбіт Қ. - «Отырып қалған қыздар», - яки, «шырылдауық бозторғайлар».

Дүкенбай Д. - «Тойда жел жіберіп қоятын, қаншама мәрте жіберіп қойса да қайтпайтын қайсар қыз», немесе «есебі түгел, епті кәпір».

Төлен Ә. Әлібек А. - «Ауылдары да астаулары да бөлек, жасаулары түгел... заман-ай қыздар!»

Асқар А. - «Фантазер».

Дидар А. - «Фантазер‑2», немесе «кәмек қауын».

Рафаель Н. - «Кавказский пленник...»

Тұрсынжан Ш. - «Ветховен...»

Ызырайл С. -  «Моцарт...»

Дулат И. - «Шекспир...»

Арғынбай Б. - «Омар Хаям...»

Сұлтанғали С. - «Аристотель...»

Есенбай Д. - «Лермонтов», - но... анаулардай емес, нағыз!!!»

Есенғали Р. - «Қыңыр, қыңыр да болса қоңыр», немесе, бүгіндері «майда торғайлар бапкері». («28‑батырлығы» өз алдына...)

Нұрғали О. - «Қызды ауылды төркіндеген тесік-қалта сезім серісі».

Сәкен И. - «Қызылы қайтқан келіншектерге алты қырдың арғы астынан қырындайтын қотыраш қораз».

Бексұлтан Н. - «Колхозшы қыз-келіншектердің Ромеосы».

Жәркен Б. - «Жалтақтық жұмырындағы жалын‑ды жырау».

Несіп Ж. - «Таспен ұрған тентекті (Тұрлықановты) - телпекпен ұрған текті».

Таласбек Ә. - «Жұмбақтас...»

Сейіт К. - «Скорпион».

Толымбек Ә. - «Дарияда жүзген «мао» балық».

Көпен ӘМІР‑БЕК - «Үрер орнын да, кезін де, жолын да білетін бөрібасар-арлан».

Аман‑хан ӘЛІМ - «Айға қарап ауа әупілдейтін алыпсоқ», - немесе... солай қарап тәспі тартатын «мияубай».

Байбота Қ‑Н. - «Сүмбіл шашты далай-лама».

Шөмішбай С. - «Күріш арқасында (композиторлар арқасында) күрмек су ішер»... епті бухгалтер».

Смағұл Е., Сопи С., Қуандық Т. ... - «Штирлицтер»; Бекділдә А., Мырзан К., Құрал Т. - қайсысы «Мюллер-1», қайсысы «Мюллер-2», енді қайсысы «Мюллер‑3»?..

Сабыр А., Светқали Н., Мұрат Ш., Ардақ Н., Серік (Елікбай), Тыныштықбек Ә., Әлібек Ш., Алмас Т., Аманқадыр И., Ұларбек Б., Ерлан Ж., Серік (Сағынтай), Тоқтарәлі Т.,  ... - «Аспандағы Құдай бере салған, жердегі құқайлар қабылдай қоймаған - қазыналы аралдар».

Сәлима ЫСҚАҚ - «Сылқымдар патшайымы».

Нәзира БЕРДАЛЫ - «Кербездер ханшайымы» (чемпионы).

Мархабат Б. - «Көк шайын сораптап отырып-ақ сол қолымен сүйкей беретін шымқалалық сұңғыла».

Қуаныш Ж., Қали С., Қыли... Сыли... - «Қайраттың» қосалқы құрамындағы ақсақ-тоқсақ ойыншылар немесе «мыльная опералар».

 

Айгүл КЕМ. - «Ай» екені, «жәй» екені, «қай» екені әліге дейін беймәлім... гүл-гүл»!?

Заря Ж., Ділдар М. - «Қара тасқа біткен қыналар».

Махаббат А., Бану Д., Гүлбану Н., Жазира А., Мақпал Ж., Баян Б., Анар Ш., Жанаргүл Қ.,  Гүлманат Ә., Танагүл Т., Динара М. ... - «Құлпырған да ырғалған қыр қызғалдақтары».

«Тайман ТАЙМАС» - «Көп нүкте» немесе «бөгде»; әйтпесе, «ит, шошқа, кірпі, құрт, бит, и т. д.». Одан қалса, былай да: «Высшая категория - соңғыдан кейінгі - соңғы таза ақымақ!..»

 

2. Өнердегі тұлғалар мен ұсақ-түйектер

 

Роза БАҒЛАНОВА - «Ақ», «қызыл», «көк» кезеңдер болсын, «сұр», «бұлдыр», «құрғыр» уақыттар болсын, бәрі‑бір, бәріне де - «ақ патшамдық!» розовый көзәйнекпен қарайтын романтик сандуғаш апа».

Жамал ОМАРОВА - «Алтайын айта‑айта қартайса да», қазағының жадында мәңгілікке жас боп қалар - жасай берер реалист өр апа.»

ШӘМШІ‑ҒҰМЫР - «Саз‑әлем, - кезбе‑құдірет».

НҰРҒИСА‑ӘЛҚИССА - «Әруақты да киелі аталар рухы, - толағай да телегей ғасырлар үні».

Жәнібек КӘРМЕН - «Таңсалтып, таңырқатып өткен, қазақтың жадында мәңгілікке қашалып жазылып қалған өнер падишасы».

Рахым ТӘЖІБАЕВ - «Сабырлы да сардар, арқалы да адуын - хас‑шебер!..»

Бибігүл ТӨЛЕГЕНОВА - «Заманалар‑желі желпіп кете бергіш... аяулы да тәлейлі бұлбұл».

Мәдинә ЕРАЛИЕВА - «Сылдыр‑сыңғыр, кәусар бал бұлақ ...»

Нұрғали НҮСІПЖАНОВ - «Алатаудан арқырап аққан өзен», - «таудан сырғи құйылып, сары далаға жайылған саумал».

Құдайберген СҰЛТАНБАЕВ - «Бұ жалған дүниеңізге симай да қимай кеткен дара салтатты...» («Парламенттегі жалғыз профессионал әртіс...»)

Тұңғышбай Ж. - «Ақырауықтың ауызы да пәтпелек айналдырар...»

Бауыржан ИБРАГИМОВ бастаған ойын‑сауық ойнампаздары - «Күлді‑бадам, бәлдір‑батпақ, мылжыңбай‑езбекүлдер».

Роза Р. - «Құдай бере салған дауысына дау да дамай да жоқ, әйтсе де... «прык‑прык - попрыгунка».

Мақпал Ж. - «Қазақы құдалық‑тойдағы... қырылдата‑дырылдата әнге салған, ... бүлкілдете‑бұлғаңдата биге басқан,  сарықарын бипың құдаша».

Айгүл Қосан, Ұлжан Айнақұл, Тоқтар‑Бейбіт, Әділ‑Дана, Нұрлан Албан, Саят Медеу, Сәкен Қалым, Тамара Асар, Индира Расылхан... - «бір шоғыр - құрышыңды қандырар іңкәр‑көңілдер».

Нағима Е. - «монстрша - страшилища!..»

Айгуль БАБАЕВА - «Әбден жүріліп, майы мүжілген «иномаркаға» қонақтаған - бақытты гюль‑гюль!» немесе «мәскеулік Гузееваның айнымаған ксерокопиясы, - Алматыдағы шоу‑загс филиалының дүр директоры».

Бейбулат Т. - «Әп‑әжептәуір‑ақ өнерлі де көрімді, но... күшеншіктігі мен сақал‑шашы бойынан да ойынан да әлдеқайда зорырақ балашка»; немесе, әйтпесе, «парламентке һәм қожайынына адал да сенімді «шәуілдек - звонок; бүгіндері «тастанды» да ма?..»

Досқан Ж. - «Өжет те рэкет пацан».

Алтынбек Қ. - «Көтензор - әпербақан».

Қалдыбек Қ. - «Есерсоқ - ұрдажық».

Жолбарыс С. - «Сужұқпас - шаңтұрмас».

Айгүл И. Мәдинә С. - «Тәлпіштер - жылтыңкүл‑жыппыңкүлдер».

ҚАЛЖАН, НҰРТАС, НҰРЖАН, ТҮНТЕК, «Ж!ГІТТЕР», «ЖЕБЕ», КІШКЕНБАЙ... ТЫШҚАНБАЙ... - «Бүгінгі күндеріміздің «қобыланды‑қазақтары», - яки... «въетнамдық я тайландық туыстарға тұппа‑тура тартып кеткен құрт‑құмалақтар».

Макпалка И., Дильназ, Парваз, Алишер, Атхамбек, «Рахат‑лукум», «Даус‑интернэшнл», «Гарем», «Домино», Ситора, Сиви... - «Соңғыдан кейінгі... соңғы әләулай‑әулиелер».

 

 

3. Ұлт ұлдары мен саясат сайқымазақтары

 

Мұстафа ӨЗТҮРІК - «Арыстан‑жүрек, қыран‑көз, қайнаған‑қан - «елім‑жерім!» деп сағына еңірегенде етегіне көз жасы толып‑тасып жеткен, арда туған, қапыда кеткен де есіл‑ер!..»

Тоқтар ӘУБӘКІР - «Жетпіс жеті жерден текті туған қазақы‑ұл! Азамат! Қаһарман! Ұлт патриоты!»

Марат ОСПАНОВ - «Шыңға біткен шынар!» - «Әттең, дүние! Қазағының көгілдір келешегі де еді‑ау!?.»

Амангелді АЙТАЛЫ - «Ата жол‑ды, дара қазақ!»

Қуаныш АЙТАХАН, Бердібек САПАРБАЙ - «Бүгінгі күнгі бірді‑екілі жолдары түзік, ойлары озық - жолың болғыр жолаушылар».

Сарашка Алпысовна‑апа - «Мать‑Тереза».

Аалы ОСМАНОВА - «Соңғы домалақ‑ана».

Иманғали ТАСМАҒАМБЕТОВ - «Пірдің соңы - Бекет, батырдың соңы - Есет, әкімнің соңы - Имаш Тасмағамбет»...

Мұртаза БҰЛҰТАЙ - «Ақлақ ілімдар».

Дос КӨШІМ - «Тік жүріп, тура сөйлер - жалғыз‑жарым сарапшы».

Сейілбек ҚЫШҚАШ - «Қара жерге етбеттеп жатып алып шырылдайтын бозторғай».

Ерасыл ӘБІЛҚАСЫМ - «Қалтаға сыймаған» единственный парламентер».

Болат Жылқышиев - «Жұмаққа» («қалталы парламентке») жер аударылған «бақытсыз әкім».

Ғалымжан ЖАҚИЯНОВ - «Солтүстік мұзды мұқитқа» пожизненно айдалған «бақытты әкім».

ХРАПУНЧИК - «Қайын жұртынан қырғын қалыңмалмен - ойсан олжамен оралған сәтті‑бай джентельмен».

АБЛЯЗЧИК - «21‑інші космостық ғасырдағы - «неуловимый мститель».

Рахат Ә. - «Австрия республикасының халық қаһарманы».

Дониял АХМАТОВ - «Қапелімде космосқа сіңіп кеткен «военный қаз‑сат‑спутник», - бывший гонщик‑велосипедист».

Гани КАСИМОВ - «Жириновский по кызыкстанский».

Гюльжана КАРАГУСИКОВА - «Бір сиырдың соқыр емшегінен сел ағызар, бір тауықтың бітеу тесігінен алтын жұмыртқа жаудырар көріпкел де данагөй келісті».

Натэльла КОРЖИКОВА - «Куколька - модель-панель!..»

Зағипаш БӘЛИЕВА - «Иллюзионистка - жертесер пұшық‑қыз».

Гөлшара ӘБУ‑ИБН‑ХАЛЫҚОВА - «Шараңды құртқан шырайлы да қылықты һәм «саудырап‑селкілдегендер мен кемтар‑кемістерді» жарылқаушы қырғынкүл‑қыз».

Бакыт‑счастья СЫЗДИКОВА - «Келмей жатып... парламенттің де, сахнаның да шаңын қаққан, можантопай біздердің төбемізде тайраңдаған, өзі тоқ та - өзі томпақ, ерке‑тотай алаңсыз да армансыз қыз».

Нұртай СӘБИЛӘНОВ - «Ауғанды» бітіріп, «Сары‑арқаны» инквизациялап, парламентті ұзақ мерзімге прихватизациялап алған супермен».

Мэлс (Маркс, Энгельс, Ленин, Сталин) ИЛУСИЗОВ - «Еріккен сарт... бірдеме қылар», - зеленый парень».

Ахматжан ИСИМОВ - «Ауыл шаруашылығының» үш дүркін геройы, Алматының бақ‑құсы, Алатаудың тәж‑тақиясы, бәрі де өзі!..»

Мадам Грэгория МАРЧЯНКО - «Айы‑күні толғанда төркініне тайып тұрар... всекызыкстанский завсклад бикеш».

Гарим МЕСИМОВ - «Күніге қазақы тегін күлшеге тойып‑томпиып алып, түні бойы түсінде үнемі Гонконгін көріп‑сағынатын сыпайы сабаз».

КИМ, КОХ, ХОХЛОШКО, ИВАНУШКА, АБРААМ, ХАЛМҰРАД, БҰРХАН, ҚОҚАН... - «Шетелден алдырылған сарай гареміндегі түрлі‑түсті биші‑бикештер».

КОЗЫРБАЕВ - «ӘБДІЛДИННІҢ шірікпай баласы; әйтпесе, «Нұр‑Отаннан» туған ұрлықы - «шеңгелбай».

Өлихан БИМЕНОВ - «Сыпайы‑сырбаз, сұлу‑сипыр бет».

Пәруәйи ПИРУАШ - «Аса дарынды «комбинатор» по‑кызыкстанский; кімнің тарысы бірінші піссе, соның шоқымасы, - соның ойнампазы, - танцор‑диско».

Мұрат ӘУЕЗОВ - «Свой среди чужих, чужой среди своих». («28‑батырлығы», «қожалығы», басқалығы өз алдына...)

Әуезхан ҚОДАР - «Боғынан бұзылған - бас‑жарар - ел‑бұзар».

Әзімбай ҒАЛИ - «Фигаро там, фигаро тут!», - «ұстара ұстаған скользкий сарапшы».

Ғалым БОҚАШ - «Жау тылындағы барлаушы?..»

Мақаш ТӘТІМ - «Көк көрпе бүлкілі» хиссасының авторы һәм ырлаушысы».

ИРТЫШБАЕВ - «Жел диірменнің пәтпелегі - супер!».

РЕРИХ - «Жел диірменнің пәтпелегі - гипер!» (Дана НҰРЖІГІТ - «жел диірменнің гипер пәтпелегінің сәтпелегі...»)

Нұрсұлтан Әбішұлы НАЗАРБАЕВ (НӘН) - «Тәуелсіз Қазақстан республикасының алғашқы да соңғы, көреген де кемеңгер, сара да дара президенті! - Қазақтың басына қонған бақ! - Еліміздегі жүз пәленбай ұлт‑ұлыстардың төбесінде жарқырап жанған шамшырақ! Бүткіл дүние - адамзатқа біткен: Ақыл‑Ой, Ар‑Ождан, Абырой‑Бедел!  Феномендік, қайталанбас құбылыс! - Біртуар, сардар саясаткер! - «Соңғыдан кейінгі - соңғы пайғамбар!..»

«Абай-ақпарат»

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1470
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3245
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5406