Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2260 0 пікір 11 Маусым, 2012 сағат 10:08

Немістер қымыздан балмұздақ жасауда

АЛМАТЫ. 11 маусым. ҚазАқпарат - Қытайлардың 75 пайызы қымыздың қаншалықты пайдасы бар екенін біледі.

Бұл жайлы  Алматыда 8-9 маусым күндері өткен «Қазақстан Республикасы халқының материалдық емес мәдени мұралары: қазіргі жағдайы мен даму келешегі»  аталатын халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияда айтылды.

АЛМАТЫ. 11 маусым. ҚазАқпарат - Қытайлардың 75 пайызы қымыздың қаншалықты пайдасы бар екенін біледі.

Бұл жайлы  Алматыда 8-9 маусым күндері өткен «Қазақстан Республикасы халқының материалдық емес мәдени мұралары: қазіргі жағдайы мен даму келешегі»  аталатын халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияда айтылды.

«Қытайлық БАҚ мәліметке қарағанда, халық арасында жүргізілген сауалнама кезінде қытайлардың 75 пайызы қымыздың қаншалықты пайдасы бар екенін білеміз деп айтқан. Алайда қымыздың қазақтың ұлттық тағамы екенінен олардың 10 пайызға жуығы ғана хабардар. Қытайлар қымыз ашыту әдістерін адамдар жіберіп, арнайы зерттеп, зерделеп жатыр», - дейді Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің доценті Гүлия Әлиханқызы. Педагогика  ғылымдары кандидатының айтуынша, жалпы қымызға қызығушылық білдіріп отырған елдер тек Қытай халқы ғана емес. Германия мен Ресейде 50-ге жуық кәсіпорын  қымыз өндірумен айналысады. Өкініштісі, қымыздың отаны саналатын қазақ елінде бұл көрсеткіш төмен. Бүгінгі таңда еліміз бойынша қымыз ашытумен айналысатын оншақты ғана кәсіпорын бар. Олардың өзі әлі мемлекеттік деңгейге жете алмай отыр. Г.Әлиханқызының сөзіне қарағанда, қымызды халықаралық нарыққа шығарып, әлемге таныту үшін жаңа технологияларды қолданып, ұнтақ түрінде де шығару керек. Бұл жағынан Германия бізден көш ілгері тұр. Олар қазір қымыздың ұнтағын ғана емес, таблетка түрін де жасап шығарып жатыр. Сонымпен қатар одан балмұздақ жасап, косметикалық тауарлар өндіруге кіріскен. Ал қытайлар қымыздың көп ауруға ем екенін зерттеп, дәрілер өндіруге бет бұруда.

Қымыздың адамға ерекше қуат, асқан төзімділік беретінін қытай тарихшысы Сыма Цянь б.з.д. ІІ ғасырда айтып кетіпті. Ал орыс ғалымы В.Даль: «Қымыз ішуді әдетке айналдырсаң, басқа сусындардан гөрі оның артықшылығын сезінесің.  Осынау шипалы сусын аштық пен шөлді бірден басады, денені салқындатады. Егер қымызды үзбей ішсең, бір аптадан соң өзіңді сергек сезінесің. Денсаулығың түзеліп, тынысың жеңілдейді, жүзің жарқырап шыға келеді. Оны басқа қорек түрлерімен еш салыстыруға болмайды»,- депті.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1472
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3248
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5443