Жексенбі, 20 Сәуір 2025
Жаңалықтар 3460 0 пікір 11 Маусым, 2012 сағат 10:12

Теледидар пультін ойлап тапқан - қазақ

Теледидарды қашықтықтан басқару аспабын сенсеңіз де, сенбесеңіз де, өткен ғасырдың 60 жылдары қазақ ойлап тапқан.

Ол кезде Ленинград сурет академиясының студенті Шәкен Ниязбек өнертабысымен айдай әлемге әйгілі болам деп ойламаған-ды.

Көк байрағымыздың авторы Шәкен ағаның әлемдік жаңалығы 1964 жылы Чехословакияда өткен халықаралық байқауда бас жүлдеге ие болады. Қазақтың өнертабысы Ленинградтағы көрмеге де қойылады. Алайда таңсық бұйым ұрыларға «жем» болып кете барады. Қылмыскерлерді анықтау үшін Мемлекеттік қауіпсіздік комитетінің қызметкерлері де жұмылады. Сөйтсе, қазақтың төлтумасына «жиендік жасаған» Жапония жансыздары екен.

Өнертабысты ұрлап алған жапондықтар қылмыстың өтеуіне Шәкен ағаға 20 мың сом айыппұл төлейді. Салыстыру үшін айтсақ, ол тұста «Волга» көлігінің құны 4 мың сом болатын. Көлік демекші, 70 жылдары «Волганың» жаңа нұсқасын жасаушылардың қатарында да Шәкен Ниязбек болыпты.

Дереккөз: ҚазАқпарат

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Қайраулы қара семсер

Есболат Айдабосын 2068
Анық-қанығы

Еуропаға Ресей аумағынсыз шығу жолы

Асхат Қасенғали 4939
46 - сөз

Бізге беймәлім Барақ хан

Жамбыл Артықбаев 4141