Сәрсенбі, 25 Желтоқсан 2024
3486 0 пікір 31 Тамыз, 2021 сағат 16:25

Балқаш ауданында 84 орынды бөбекжай пайдаланылуға берілді

Қазақстан Республикасы Конституция күні және білім күні қарсаңында Бақбақты ауылында 84 орынды бөбекжай салтанатты түрде ашылды. Бұрын тәуелсіздік алған жылдары қараусыз қалған нысан өткен жылы ауыл тұрғындарының өтінішіне сәйкес бөбекжай болып ашылуға шешім қабылданған болатын. Бөбекжайды қайта қалпына келтіру үшін мемлекет тарапынан  367.2 млн. теңге бөлінді. Бөлінген қаржыны мақсатты жұмсап, күрделі жөндеу жұмысын сапалы жүргізген “Golden siti“  ЖШС-і нысанды мерзімінде аяқтаған. Бөбекжай іші толықтай заманауи материалдық базамен қамтылған.

Бөбекжайдың ашылу салтанатына қатысқан аудан әкімінің орынбасары Әбдібаев Бөріхан Нарымбетұлы жиналған көпшілікті Конституция күнімен және бөбекжайдың ашылуымен құттықтап, өңірдегі мектепке дейінгі тәрбие саласындағы атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды.

"Балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен қамту мақсатында  аудан бойынша 8 балабақша және 14 шағын орталық жұмыс жасап, балабақшаларда 935, шағын орталықта 600, барлығы – 1535 бүлдіршін тәрбиеленуде. 3-6 жас аралығындағы бүлдіршіндерді қамту 99,3 пайыз болды. Облыс бойынша 95,6 пайыз ескерсек, бұл бағытта ауданымызда ілгерілеу бар» дей келе, жиналған қауымды алдағы келе жатқан жаңа білім күнімен де құттықтап өтті.

Бөбекжайдың ашылуына аудандық білім бөлімінің басшысы Айман Аймұханбет, аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Гауһар Аманжолова, Бақбақты ауылының әкімі Айдархан Түймебаев, ауыл ардагерлері, тұрғындары, мектеп ұстаздары мен бөбекжай ұжымы қатысты.

«Мектепке дейінгі тәрбиелеумен қол жеткізудегі орын тапшылығын қысқарту мақсатында 1-3 жас аралығында бүлдіршіндердің пайызын көтеру мақсатында осы Бақбақты ауылында 84  орынға арналған бөбекжайдың ашылуы арқылы алда 85 пайыздан 89 пайызға көтерілетін болады» - деп атап өтті аудандық білім бөлімінің басшысы А.Аймұханбет.

«Ауыл тұрғындарының өтінішін ескеріп, осы ғимаратты мемлекет қарамағына алып, оны қайтадан қалпына келтіру үшін қомақты қаржы бөлуге ықпал жасаған аудан әкімі Ғалым Тоқпейісовке, аудандық білім бөлімінің басшысы А.Аймұханбетке, осы саладағы барша жауапты мамандарға айтар алғысымыз шексіз» - дейді «Күншуақ» бөбекжайының әдіскері Жазира Қазыбекова.

Ел тілегімен ашылған бөбекжай алдағы мерзімдерде халықтың көңілінен шығатын табыстар биігінен көрінетініне сеніміміз мол.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 2036